Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дихан (оба)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Диханқола дәуірінен сақталған обалар тобы, Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Еңбекшіқазақ ауданы, Диқан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 0,75 км, Шелек өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Сипаты

1956 жылы Орта Азия археологиялық экспедициясы (жетекші Е.И. Агеева) зерттеген.
Д-1 обалар тобында тас араласқан топырықтан үйілген 15 оба бар. Олардың диаметрі 4-10 м, биіктігі 0,1-0,3 м. Қазылған бір обаның астынан адам сүйегі шыққан. Мәйітті батыстан шығысқа қарата жерлеген. Д-2 обалар тобында солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектелген 189 оба бар. Бәрі де тас аралас топырақтан үйілген. Олардың диаметрі 8-50 м, биіктігі 1-2,5 м. I-III ғасырларға жататын бұл обалардың үшеуі зерттелген. Обаның астындағы қабірден адам сүйегі шыққан. Мәйіт басы батыстан шығысқа қаратылып қойылған.
Қабірден саз ыдыстар, қола сырғалар, темір жүзіктер, қойдың сүйектері табылған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Әдебиет

  • Акишев К.А., Агеева Е.И., Археологические работы 1956 года, "Из-вестия АН КазССР, Серия историческая, археологическая и этнографическая", в.1, 1958;
  • Максимова А.Г., Усуньские курганы Левобережья реки Или, "Изве-стия АН КазССР, Серия историческая, археологическая и этнографическая", в.1, 1959.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер