Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Елшібек қорымы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
Жол нөмірі 1: Жол нөмірі 1:
'''Елшібек қорымы'''– [[қола]] дәуірінен сақталған зираттар. [[Қарағанды облысы]] [[Шет ауданы]] Киік темір жол стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км, [[Үшқызыл тауы]]нан оңтүстікке қарай 2,5–3 км жерде орналасқан.

'''Елшібек қорымы''' – [[қола дәуірі]]нен сақталған зираттар, [[Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі]]не енген археология ескерткіші.

1957 жылы [[Орталық Қазақстан]] археологиялық экспедициясы (жетекшісі [[Әлкей Марғұлан|Ә.Х.Марғұлан]]) зерттеген. Қорымнан [[қола дәуірі]]нің 120 қоршауы, ертедегі [[темір]] дәуірінің бір «мұртты» обасы және [[Түркі қағандығы]] кезеңінің үш қоршауы кездеседі. Қоршаудың біреуінің шығыс жағында тас [[мүсін]] бар. Қола дәуірінің қоршаулары, негізінен, төртбұрышты, шаршы және дөңгелек пішінді, қырынан көмілген [[гранит]] тастардан құралған. Олардың ішіне бір немесе бірнеше тас жәшіктер салынған. Кейбіреуінде жәшік сыртындағы қоршау жұмыр тастардан қаланған. Қорымнан қола дәуірінің төрт қоршауы және ерте [[темір]] ғасырының «мұртты» обасы қазылып зерттелді. Қоршаулар ішінен 9 тас жәшік [[қабір]] ашылып, ішіндегі мәйіттердің көбі ертеде ұрланғандығы белгілі болды. Мәйіттер сол қалпы немесе отқа өртеп қою салттарымен жерленген. Бұзылмаған және жартылай ұрланған қабірлерден геометриялық өрнектер салынған, пішімі қола дәуірінің әр кезеңіне тән 5 бүтін, 2 сынық қыш ыдыс, тас, қола моншақтар, жоғары басын тесіп, тұмар етіп таққан екі бақайшық, жыртқыш аңдардың тістері табылды. Осы заттарға қарап Елшібек қорымына адамдардың қола дәуірінің ерте кезеңінен бастап соңына дейін жерленгенін байқауға болады. Елшібек қорымы «мұртты» үш обадан (диаметрі 12 м) және таға бейнелі мұрттардан (ұзындығының сол жағы 40 м, оң жағы 34 м) тұрады. Зерттеу барысында үлкен оба астындағы ұзынша шұңқыр көр ішінен ұзындығы 180 см-ге жуық, басы солтүстік-батысқа қаратып жерленген ер адамның сүйегі, шығыс обадағы тастар астынан өрнегі жоқ сопақша қыш ыдыс, ал ең кіші батыс обадан баланың аяқ сүйектері табылды. «Мұртты» оба мерзімі жағынан б.з.б. V–III ғасырларға жатады. Елшібек қорымы – ''қола'' дәуірі және ерте ''темір'' ғасырлары кезінде [[Сарыарқа]]ны мекендеген тайпалардың оңтүстік-шығыс шекарасындағы ең ірі зираттарының бірі. Ол осы кезеңдерде адамдардың тек шаруаға жайлы [[Нұра]], [[Сарысу (өзен)|Сарысу]] өзендерінің бойын ғана емес, біртіндеп [[Бетпақдала]]ға дейінгі жерлерді игергенінің айғағы.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

==Дереккөздер==

== Орналасқан жері ==
<references/>

[[Шет ауданы]] [[Киікті]] темір жол стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км, [[Үшқызыл]] тауынан оңтүстікке қарай 2,5-3 км жерде орналасқан.
{{Stub: Қазақ мәдениеті}}

{{wikify}}

{{Суретсіз мақала}}

== Сипаты ==

[[1957 жыл|1957]] жылы [[Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы]] (жетекшісі [[Әлкей Хақанұлы Марғұлан|Ә.Х. Марғұлан]]) зерттеген.

Қорымнан қола дәуірінің 120 қоршауы, ертедегі [[темір дәуірі]]нің бір «мұртты» обасы және [[Түрік қағанаты|Түркі қағандығы]] кезеңінің үш қоршауы кездеседі. Қоршаудың біреуінің шығыс жағында тас мүсін бар. Қола дәуірінің қоршаулары, негізінен, төртбұрышты, шаршы және дөңгелек пішінді, қырынан көмілген [[гранит]] тастардан құралған. Олардың ішіне бір немесе бірнеше тас жәшіктер салынған. Кейбіреуінде жәшік сыртындағы қоршау жұмыр тастардан қаланған. Қорымнан қола дәуірінің төрт қоршауы және ерте темір ғасырының «мұртты» обасы қазылып зерттелді. Қоршаулар ішінен 9 тас жәшік қабір ашылып, ішіндегі мәйіттердің көбі ертеде ұрланғандығы белгілі болды. Мәйіттер сол қалпы немесе отқа өртеп қою салттарымен жерленген.

Бұзылмаған және жартылай ұрланған қабірлерден геометриялық өрнектер салынған, пішімі қола дәуірінің әр кезеңіне тән 5 бүтін, 2 сынық қыш ыдыс, тас, қола моншақтар, жоғары басын тесіп, тұмар етіп таққан екі бақайшық, жыртқыш аңдардың тістері табылды. Осы заттарға қарап Елшібек қорымына адамдардың қола дәуірінің ерте кезеңінен бастап соңына дейін жерленгенін байқауға болады.

Елшібек қорымы «мұртты» үш обадан (диаметрі 12 м) және таға бейнелі мұрттардан (ұзындығының сол жағы 40 м, оң жағы 34 м) тұрады. Зерттеу барысында үлкен оба астындағы ұзынша шұңқыр көр ішінен ұзындығы 180 см-ге жуық, басы солтүстік-батысқа қаратып жерленген ер адамның сүйегі, шығыс обадағы тастар астынан өрнегі жоқ сопақша қыш ыдыс, ал ең кіші батыс обадан баланың аяқ сүйектері табылды. «Мұртты» оба мерзімі жағынан б.з.б. V-III ғасырларға жатады.

Елшібек қорымы – ''қола'' дәуірі және ерте ''темір'' ғасырлары кезінде [[Сарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)|Сарыарқа]]ны мекендеген тайпалардың оңтүстік-шығыс шекарасындағы ең ірі зираттарының бірі. Ол осы кезеңдерде адамдардың тек шаруаға жайлы [[Нұра]], [[Сарысу (өзен)|Сарысу]] өзендерінің бойын ғана емес, біртіндеп [[Бетпақдала]]ға дейінгі жерлерді игергенінің айғағы.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

[[Санат:Қарағанды облысы географиясы]]

== Дереккөздер ==
[[Санат:Кесенелер]]

{{дереккөздер}}

[[Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері]]

[[Санат:Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері]]

[[Санат:Қола дәуірі]]

15:22, 2026 ж. қаңтардың 6 кезіндегі түзету

Елшібек қорымықола дәуірінен сақталған зираттар, Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Шет ауданы Киікті темір жол стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км, Үшқызыл тауынан оңтүстікке қарай 2,5-3 км жерде орналасқан.

Сипаты

1957 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан) зерттеген.
Қорымнан қола дәуірінің 120 қоршауы, ертедегі темір дәуірінің бір «мұртты» обасы және Түркі қағандығы кезеңінің үш қоршауы кездеседі. Қоршаудың біреуінің шығыс жағында тас мүсін бар. Қола дәуірінің қоршаулары, негізінен, төртбұрышты, шаршы және дөңгелек пішінді, қырынан көмілген гранит тастардан құралған. Олардың ішіне бір немесе бірнеше тас жәшіктер салынған. Кейбіреуінде жәшік сыртындағы қоршау жұмыр тастардан қаланған. Қорымнан қола дәуірінің төрт қоршауы және ерте темір ғасырының «мұртты» обасы қазылып зерттелді. Қоршаулар ішінен 9 тас жәшік қабір ашылып, ішіндегі мәйіттердің көбі ертеде ұрланғандығы белгілі болды. Мәйіттер сол қалпы немесе отқа өртеп қою салттарымен жерленген.
Бұзылмаған және жартылай ұрланған қабірлерден геометриялық өрнектер салынған, пішімі қола дәуірінің әр кезеңіне тән 5 бүтін, 2 сынық қыш ыдыс, тас, қола моншақтар, жоғары басын тесіп, тұмар етіп таққан екі бақайшық, жыртқыш аңдардың тістері табылды. Осы заттарға қарап Елшібек қорымына адамдардың қола дәуірінің ерте кезеңінен бастап соңына дейін жерленгенін байқауға болады.
Елшібек қорымы «мұртты» үш обадан (диаметрі 12 м) және таға бейнелі мұрттардан (ұзындығының сол жағы 40 м, оң жағы 34 м) тұрады. Зерттеу барысында үлкен оба астындағы ұзынша шұңқыр көр ішінен ұзындығы 180 см-ге жуық, басы солтүстік-батысқа қаратып жерленген ер адамның сүйегі, шығыс обадағы тастар астынан өрнегі жоқ сопақша қыш ыдыс, ал ең кіші батыс обадан баланың аяқ сүйектері табылды. «Мұртты» оба мерзімі жағынан б.з.б. V-III ғасырларға жатады.
Елшібек қорымы – қола дәуірі және ерте темір ғасырлары кезінде Сарыарқаны мекендеген тайпалардың оңтүстік-шығыс шекарасындағы ең ірі зираттарының бірі. Ол осы кезеңдерде адамдардың тек шаруаға жайлы Нұра, Сарысу өзендерінің бойын ғана емес, біртіндеп Бетпақдалаға дейінгі жерлерді игергенінің айғағы.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер