Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Үшқұю қонысы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Сипаты)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үшқұю қонысы (неолит дəуірі) – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Мұнайлы ауданы, Баянды ауылынан 47,6 км шығыс бағытта орналасқан.

Кезеңі

Неолит дəуірі.

Сипаты

Ескерткішті 2006 жылы "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлері ашқан.
Үшқия (Қарақия ойпатының шығыс ернеуі тұсында) арна басының оңтүстік-батыс ернеуінде таяу еңістің ер-тоқым тəрізді қыраттың оңтүстік бетінде орналасқан. Қоныстың оңтүстік жағында шаруашылық аймағы бар диаметрі 6 м шеңбер түрінде салынған тұрғын-жай қалдығы бар. Жер бетінде 150 м² алаңда шақпақтас артефактілері жиі кездеседі. Өндірістік сипаты пластиналық, шеттік қырғыш пен кескіштер көп-ақ. Жер бетінен табылған заттық бұйымдарды жинау іске асырылмаған.<ref> М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер