Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шытша мегалиттері"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Сурет:Шытша-5 мегалиттері.jpg
Шытша-5 мегалиттері көрінісі.

Шытша мегалиттеріМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіштер.

Орналасқан жері

Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстік, солтүстік-батысқа қарай 15,5 км аралықтарында орналасқан.

Сипаты

1982 жылы Еділ-Орал археологиялық экспедициясы айқындаған. 2006 жылы Маңғыстаудың "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі "Ескерткіштер жинағы" археологиялық экспедициясымен қосымша зерттелген.
Шытша мегалиттері теңіз жағалауының тепсеңді етегінде, одан солтүстік-батысқа қарай 1 км жерде Шытшы құдығы орналасқан. Солтүстік-батыс жағындағы құрылыс құрғақ таяз арнамен шекаралас келеді. Ескерткіш бұрыш астымен баурайына қойылған ұзындығы 2 м дейін ірі әктас тақтатастар түрінде. Олар 3 шоғырлы жиындырмен көрсетілген, оның бірі үлкен 100×80 жоспарда бұрыс су тамшысы пішінінде, осы жиынға 3оба үйіндісі тақау тұр. Мегалиттерге солтүстік-батыстан 4 тас табыт, тас жәшіктен тұратын қорым жақын тұр. Барлық алаңнан да тас еңбек құралдарын жасаудың технологиялық қалдық-қоқыстары кездеседі.

Шытша-2 және Шытша-3 мегалиттері

Сурет:Шытша 2,3 мегалиттері.jpg
Шытша-2 және Шытша-3 мегалиттерінің жалпы көрінісі.

Шытша-2 және Шытша-3 мегалиттерінің (қола дәуірі) арасы құрғақ және таяз жылға арнасымен кесілген. Ескерткіштер тастың бұрыш астымен баурайына қойылған, ұзындығы 1,5 м дейін жететін ірі әкті тақтатастар түрінде. Олар тұтастық жиындармен шоғырланған. Олардың бірі көлемі ені бойынша 40 м асса, ұзындығы 200 м-ге дейін созылған және оңтүстік-батыс бөлігінде арналық ағыспен (Шытша-2) қабысқан. Екіншісі, жоспарында төрт бұрыш пішінге ие 15×15 және біріншісінен гөрі биігірек, екі арнаның қосылуымен жасалған мүйісте орналасқан. Шытша-2 жүйесі солтүстік-шығыс-оңтүстік-батыс сызығымен, етекке паралельді орналасқан.

Шытша-4 мегалиттері

Шытша-4 мегалиттері жағалаулық етекте бір құрғақ және терең емес жылға арнасымен кесілген. Ескерткіштер бұрыш астымен баурайына қойылған ұзындығы 2 м дейін жететін ірі әкті тақтатастар түрінде, тас кесектер шоғырлану орындарында тұтасты орналасқан көлемі 60×25, шығыс-батыс сызығымен терең емес арналық ағыс бойымен созылып жатыр. Мұнда солтүстік-шығыс жақтан 2 тас үйігі, ал оңтүстік жақтан қазылған оба үйігінің тас қалдықтары жатыр.

Шытша-5 мегалиттері

Мегалиттік жүйе бұрыш астымен баурайына қойылған ұзындығы 2 м дейін ірі әктас тақтатастар түрінде. Тақтатастар 3 жерге шоғырланған жиынымен көрсетілген. Жиындар 60 м астам жерге ие бола отырып, солтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыс сызығымен 400 м-ге созылған. Жүйе орталығында тас аралас топырақ үймеге ие оба, ал периметрі бойынща 4 тас үйігі орналасқан.<ref> М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер