Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тасқора"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |

| Жол нөмірі 1: | Жол нөмірі 1: | ||
| − | [[Сурет: | + | [[Сурет:Ерте темір дәуіріндегі Тасқора қонысының сызбасы.jpg|thumb|right|250px|Ерте темір дәуіріндегі Тасқора қонысының сызбасы.]] |
| + | '''Тасқора''', '''Тасқора I қоныстары''' – ерте темір дәуірінен сақталған қоныс орындары, [[Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі|Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімі]]не енген археология ескерткіші. | ||
| − | + | == Орналасқан жері == | |
| + | Тасқора және Тасқора I қонысы [[Сарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)|Қазақ ұсақ шоқылары]]ның солтүстік-шығыс бөлігінен өтетін, ұзындығы 300 км [[Сілеті (өзен)|Сілеті]] өзенінің бойында орналасқан. Кезінде ол [[Ертіс]]ке құйылатын, алайда қазіргі уақытта ағынсыз [[Сілетітеңіз|Сілеті-Теңіз]] көліне құйылады. Өзен бірде төгіліп жайылып ақса, бірде гранит пен порфирит тасты құздарының арасымен ағады, сонда бұл аңғар көркем тау шатқалы болып көрінеді. Мұндай алмасу Ақтөбе шоқысына дейін сақталады. Тасқора ауылының маңында өзен жағалаулары биіктеп, әдеміленіп, порфирит тау жынысы пайда болады; Сілеті өзенінің сол жағалауындағы шоқылар, онда қазақ қыстауларының көптеген қалдықтары сақталған аңғарларға бөлініп кетеді. Ерте темір ғасырының екі қонысы Ақмола облысы [[Ерейментау ауданы]]ның қазіргі кезде бос қалған Тасқора ауылының жанында орналасқан. | ||
| − | + | == Қоныстар сипаты == | |
| + | [[Сурет:Ерте темір дәуіріндегі Тасқора І қонысының сызбасы.jpg|thumb|right|200px|Ерте темір дәуіріндегі Тасқора І қонысының сызбасы.]] | ||
| + | Қоныстар өзеннің қарама-қарсы жағалауларында бір-бірінен 3 км қашықтықта жайғасқан. Ескерткіштер тұрғын жайлардың топографиясы, жоспарлануы және құрылымы жағынан бір-бірінен өзгеше. Екі қоныста да алдын ала қазба жұмыстары жүргізілді.

| + | Тасқора қонысы биіктігі 20 м жететін және көлденең сай-салаларға бөлінген бөктер тізбегі болып көрінетін Сілетінің сол жақ жағалауындағы жергілікті террассаны алып жатыр. Бір сайдың бөктерінде дөңгелек және төртбұрыш пішіндегі тас құрылыстардың қирандылары табылды. Олар бір-бірімен ұштасып, айқасқан күрделі конфигурацияны құрайды. Қоныста барлығы 28 құрылыс тіркелді. Құрылыстардың негізгі бөлігі 30 м2 жерді алып жатыр.

| + | Тасқора I қонысы [[Сілеті (Ақмола облысы)|Сілеті]] ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде Сілеті өзенінің оң жақ жағалауындағы биік жердегі террассада орналасқан.

| + | Қоныстың ауданы террасса бетінде әдеміленіп шашылып жатқан ірі тастардан анық байқалады. Ежелгі қоныстан солтүстікке қарай шоқының етегінде қазақ қыстауының орны сақталған. Оның қирандылары арасынан шойын қазанның, фарфор ыдыстың сынықтары, шақпақтас ұшқындары, тілімдері және еңбек құралдары кездеседі. Сондай-ақ, өзен ағысының төменгі жағында қыстаулардың орны бар; бұл жерден де көптеген тас ұшқындары, тілімдер, ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы орыс ыдыстарының шыны және фарфор сынықтары табылды.

| + | Ерте темір ғасырының қонысы дөңгелек және сопақ формалы, тереңдігі 0,2–0,5 м және мөлшері 5×6-дан 6×8 м-ге дейінгі 30-дан астам ойпаттан құралған кешен болып табылады. Ойпаттардың бір бөлігі тастан қаланған. Қоныстың үстінен тас кетпен мен келсап табылды. | ||
| − | == | + | === Тұрғын жайлар === |
| − | < | + | Тұрғын жайдың екі түрі – жер үсті және жер асты тұрғын жайлары зерттелді. Жер үсті тұрғын жайдың қабырғалары тастан қаланған, олардың қалыңдығы 1–2 м. Көбіне үй беткейлердің тік жағына тыл жағымен қаланып салынған. Бөренеден қаланған үйлер де болуы мүмкін (Х [[Кеңөткел қонысы]]). Мысалы, 1 Тасқора қонысындағы жертөлелер бір камералы және олардың тереңдігі 1 м, ал екі-үш камералы тұрғын жайлар сирек кездеседі. Үйлердің ауданы 20–50 м2. Қысқа тамбур тәрізді кіре беріс шығыс жақта орналасқан.

| − | + | Үй ішіндегі ошақ әзірше табылмады, бірақ солтүстік жағынан ылғи да күл қалдығы кездесті. Солтүстік Қазақстан аумағындағы жеркепелер қола дәуірінің аяғынан бастап пайда болған. | |

| − | [[Санат: | + | === Табылған заттар === |
| + | Тасқора, 1 Тасқора қоныстарынан табылған коллекцияның ішінде қола пышақ, жебе, бүлінген қола заттар, тас кетпен және қыш бар. Табылған заттар ішіндегі ең көбі – тас кетпендер. Олар құрал жасау үшін көп уақыт кетірмейтін жалпақ тастардан жасалған. Тастардың жанынан кетпенді сабына кигізетін ойық бар; кетпеннің жүзі өткірленген. Жарамсыз кетпендерді лақтырып тастаған. Мөлшері 12×8×2,6 см құралдар басым. Олардың ішінде балта, шапқы және келсап ретінде пайдаланылған құрал-саймандар бар.

| + | Қоныстан табылған қыштар көп емес: қысқа мойынды, жалпақ түпті, өрнектелмеген, құмыра пішінді ірі ыдыстар көптеп кездеседі; кейбір ыдыстар шұңқырланып, "інжумен" өрнектелген. Ірі құмның қосындысынан жасалған ыдыстың үстіңгі бөлігінің түрі қара-сұр. | ||

| + | == Пайда болу кезеңдері == | ||
| + | Екі қоныс бір мезгілде пайда болған; оның уақытын бір жүзді қола пышақ пен үш қабатты жебенің ұшы бойынша анықтауға болады. Осы үлгідегі заттар ерте сақ дәуіріне тән және Тасқора мен 1 Тасқора қоныстарын б. з. д.VIII–VI ғғ. жатқызуға мүмкіндік береді. Тасқора қонысынан табылған ыдыстардың пішіні, жасау әдісі мен өрнегі жағынан Х Кеңөткел, [[Тағыбайбұлақ қонысы|Тағыбай-Бұлақ]] қоныстарынан табылған материалдармен қатар қоюға болады.

| + | Ерте темір ғасырындағы дала қоныстары жалпы белгілері ұқсас. Олар дала өзендері жағалауы мен ұсақ шоқы аңғарындағы желден таса жерлер мен тау бұлақтары жанына орналасқан. Осындай тұрақты өмір сүретін жердің топографиясы Қазақстанның дала аймағында қола дәуірінің соңынан басталады. Ерте темір ғасырындағы қоныстар топографиясы айналадағы ландшафттың ерекшелігімен байланысты. Мәліметтер бойынша, таулы жерде қоныстар тау бөктерінде орналасқан, жиі су көздерінен алыста болған.

| + | Ерте темір ғасырларының қоныстарын ұйымдастыруда екі жоспарланған сызба бар: желілі, жағалау бойы (1 Тасқора); жинақталған құрылыс – шектелген аумақта топталған үй-жайлар (Тасқора). Соңғы жағдайда жеке құрылыстар жалпы айналдырылған қабырғамен немесе бір-біріне жапсарлас құрылған. Құрылыстың осындай ұстанымы өлкенің қатал климаты себепті және екі немесе үш қабатты тамбурлы дәліздері бар құрылыстар, мысалы, қазақ қыстауларында кездеседі.

| + | Көлемі бойынша 10-40 құрылымнан тұратын ірі қоныстар мен (Тасқора, 1 Тасқора) 3-4 құрылымнан тұратын кіші тұрақтар кездеседі. Соңғысы таулы және ұсақ шоқылы рельефке, мысалы, Сарыарқаның аласа таулы жағдайына немесе Іле-Алатауының таулы аңғарына тән.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер. ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-216-0</ref> | ||

| + | == Дереккөздер == | ||
| + | {{дереккөздер}} | ||

| + | [[Санат:Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері]] | ||
| + | [[Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері]] | ||
| + | [[Санат:Ақмола облысы]] | ||
18:30, 2024 ж. желтоқсанның 21 кезіндегі түзету
Тасқора, Тасқора I қоныстары – ерте темір дәуірінен сақталған қоныс орындары, Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.
Мазмұны
Орналасқан жері
Тасқора және Тасқора I қонысы Қазақ ұсақ шоқыларының солтүстік-шығыс бөлігінен өтетін, ұзындығы 300 км Сілеті өзенінің бойында орналасқан. Кезінде ол Ертіске құйылатын, алайда қазіргі уақытта ағынсыз Сілеті-Теңіз көліне құйылады. Өзен бірде төгіліп жайылып ақса, бірде гранит пен порфирит тасты құздарының арасымен ағады, сонда бұл аңғар көркем тау шатқалы болып көрінеді. Мұндай алмасу Ақтөбе шоқысына дейін сақталады. Тасқора ауылының маңында өзен жағалаулары биіктеп, әдеміленіп, порфирит тау жынысы пайда болады; Сілеті өзенінің сол жағалауындағы шоқылар, онда қазақ қыстауларының көптеген қалдықтары сақталған аңғарларға бөлініп кетеді. Ерте темір ғасырының екі қонысы Ақмола облысы Ерейментау ауданының қазіргі кезде бос қалған Тасқора ауылының жанында орналасқан.
Қоныстар сипаты
Қоныстар өзеннің қарама-қарсы жағалауларында бір-бірінен 3 км қашықтықта жайғасқан. Ескерткіштер тұрғын жайлардың топографиясы, жоспарлануы және құрылымы жағынан бір-бірінен өзгеше. Екі қоныста да алдын ала қазба жұмыстары жүргізілді.
Тасқора қонысы биіктігі 20 м жететін және көлденең сай-салаларға бөлінген бөктер тізбегі болып көрінетін Сілетінің сол жақ жағалауындағы жергілікті террассаны алып жатыр. Бір сайдың бөктерінде дөңгелек және төртбұрыш пішіндегі тас құрылыстардың қирандылары табылды. Олар бір-бірімен ұштасып, айқасқан күрделі конфигурацияны құрайды. Қоныста барлығы 28 құрылыс тіркелді. Құрылыстардың негізгі бөлігі 30 м2 жерді алып жатыр.
Тасқора I қонысы Сілеті ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде Сілеті өзенінің оң жақ жағалауындағы биік жердегі террассада орналасқан.
Қоныстың ауданы террасса бетінде әдеміленіп шашылып жатқан ірі тастардан анық байқалады. Ежелгі қоныстан солтүстікке қарай шоқының етегінде қазақ қыстауының орны сақталған. Оның қирандылары арасынан шойын қазанның, фарфор ыдыстың сынықтары, шақпақтас ұшқындары, тілімдері және еңбек құралдары кездеседі. Сондай-ақ, өзен ағысының төменгі жағында қыстаулардың орны бар; бұл жерден де көптеген тас ұшқындары, тілімдер, ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы орыс ыдыстарының шыны және фарфор сынықтары табылды.
Ерте темір ғасырының қонысы дөңгелек және сопақ формалы, тереңдігі 0,2–0,5 м және мөлшері 5×6-дан 6×8 м-ге дейінгі 30-дан астам ойпаттан құралған кешен болып табылады. Ойпаттардың бір бөлігі тастан қаланған. Қоныстың үстінен тас кетпен мен келсап табылды.
Тұрғын жайлар
Тұрғын жайдың екі түрі – жер үсті және жер асты тұрғын жайлары зерттелді. Жер үсті тұрғын жайдың қабырғалары тастан қаланған, олардың қалыңдығы 1–2 м. Көбіне үй беткейлердің тік жағына тыл жағымен қаланып салынған. Бөренеден қаланған үйлер де болуы мүмкін (Х Кеңөткел қонысы). Мысалы, 1 Тасқора қонысындағы жертөлелер бір камералы және олардың тереңдігі 1 м, ал екі-үш камералы тұрғын жайлар сирек кездеседі. Үйлердің ауданы 20–50 м2. Қысқа тамбур тәрізді кіре беріс шығыс жақта орналасқан.
Үй ішіндегі ошақ әзірше табылмады, бірақ солтүстік жағынан ылғи да күл қалдығы кездесті. Солтүстік Қазақстан аумағындағы жеркепелер қола дәуірінің аяғынан бастап пайда болған.
Табылған заттар
Тасқора, 1 Тасқора қоныстарынан табылған коллекцияның ішінде қола пышақ, жебе, бүлінген қола заттар, тас кетпен және қыш бар. Табылған заттар ішіндегі ең көбі – тас кетпендер. Олар құрал жасау үшін көп уақыт кетірмейтін жалпақ тастардан жасалған. Тастардың жанынан кетпенді сабына кигізетін ойық бар; кетпеннің жүзі өткірленген. Жарамсыз кетпендерді лақтырып тастаған. Мөлшері 12×8×2,6 см құралдар басым. Олардың ішінде балта, шапқы және келсап ретінде пайдаланылған құрал-саймандар бар.
Қоныстан табылған қыштар көп емес: қысқа мойынды, жалпақ түпті, өрнектелмеген, құмыра пішінді ірі ыдыстар көптеп кездеседі; кейбір ыдыстар шұңқырланып, "інжумен" өрнектелген. Ірі құмның қосындысынан жасалған ыдыстың үстіңгі бөлігінің түрі қара-сұр.
Пайда болу кезеңдері
Екі қоныс бір мезгілде пайда болған; оның уақытын бір жүзді қола пышақ пен үш қабатты жебенің ұшы бойынша анықтауға болады. Осы үлгідегі заттар ерте сақ дәуіріне тән және Тасқора мен 1 Тасқора қоныстарын б. з. д.VIII–VI ғғ. жатқызуға мүмкіндік береді. Тасқора қонысынан табылған ыдыстардың пішіні, жасау әдісі мен өрнегі жағынан Х Кеңөткел, Тағыбай-Бұлақ қоныстарынан табылған материалдармен қатар қоюға болады.
Ерте темір ғасырындағы дала қоныстары жалпы белгілері ұқсас. Олар дала өзендері жағалауы мен ұсақ шоқы аңғарындағы желден таса жерлер мен тау бұлақтары жанына орналасқан. Осындай тұрақты өмір сүретін жердің топографиясы Қазақстанның дала аймағында қола дәуірінің соңынан басталады. Ерте темір ғасырындағы қоныстар топографиясы айналадағы ландшафттың ерекшелігімен байланысты. Мәліметтер бойынша, таулы жерде қоныстар тау бөктерінде орналасқан, жиі су көздерінен алыста болған.
Ерте темір ғасырларының қоныстарын ұйымдастыруда екі жоспарланған сызба бар: желілі, жағалау бойы (1 Тасқора); жинақталған құрылыс – шектелген аумақта топталған үй-жайлар (Тасқора). Соңғы жағдайда жеке құрылыстар жалпы айналдырылған қабырғамен немесе бір-біріне жапсарлас құрылған. Құрылыстың осындай ұстанымы өлкенің қатал климаты себепті және екі немесе үш қабатты тамбурлы дәліздері бар құрылыстар, мысалы, қазақ қыстауларында кездеседі.
Көлемі бойынша 10-40 құрылымнан тұратын ірі қоныстар мен (Тасқора, 1 Тасқора) 3-4 құрылымнан тұратын кіші тұрақтар кездеседі. Соңғысы таулы және ұсақ шоқылы рельефке, мысалы, Сарыарқаның аласа таулы жағдайына немесе Іле-Алатауының таулы аңғарына тән.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер. ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-216-0</ref>