Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мүрдетөбе"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Мүрдетөбе 1 – ортағасырлық қоныс орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылынан 4 км батыста орналасқан.

Кезеңі

V-VІІІ ғасырлар.

Сипаты

1940 жылы Жамбыл археологиялық экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич), 1980 жылы Шымкент педагогикалық институты археологиялық экспедициясы отряды (жетекшісі Н.П. Подушкин) зерттеген.
Қазіргі орны табанының диаметрі 80 м, үстіңгі бөлігі 35 м, биіктігі 12 м дөңгелек төбе. Қазба жүргізу кезінде табылған қыш құты, құман, күбі ыдыстарының сынығына қарағанда тұрғындар қонысты 5-8 ғасырларда мекен еткен.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер