Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Айшырақ қорымы"
ш (→Кіріспе бөлімін өңдеді) |
ш |
||
| Жол нөмірі 1: | Жол нөмірі 1: | ||
| − | '''Айшырақ қорымы''' — [[Орталық Қазақстан]]дағы [[ | + | '''Айшырақ қорымы''' — [[Ұлытау облысы]]ның республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген [[Орталық Қазақстан]]дағы [[Андроново мәдениеті]]нің Атасу кезеңі мен [[Беғазы-Дәндібай мәдениеті]]не (б.з.б. 14–12 ғасырлар) ауысуға аяқ басқан дәуірінен қалған археологиялық ескерткіштер тобы. |
| − | + | == Орналасқан жері == | |
| + | [[Жаңаарқа ауданы]], [[Ақтау (Ұлытау облысы)|Ақтау]] ауылынан солтүстікке қарай 20 км, [[Атасу (өзен)|Атасу]] өзенінің сол жағалауында, [[Қаражал темір-марганец кен орны|Қаражал]] кенішінен оңтүстік-шығысқа қарай 93 км жерде орналасқан. Орталық Қазақстан археология экспедициясы 1952 жылы (жетекшісі [[Марғұлан Әлкей Хақанұлы|Ә.Х. Марғұлан]], 1992 жылы [[Жолдасбек Құрманқұлов|Ж. Құрманқұлов]]) зерттеген.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 1-том</ref> | ||
| − | == | + | == Қорым сипаты == |
| − | < | + | Қорым гранит тастардан құралған 102 қоршау мен 9 қоршаулы обадан тұрады. Қоршаулар шеңбер, дөңгелек, төртбұрыш, шаршы түрінде, кейде бір-бірімен қиюласа салынған. Бейіттің оңтүстік-шығыс жағында құрбандық шалып, діни рәсімдер өткізетін, үлкен ақ шақпақ тастардан құралған бірнеше қоршау бар. Тастарының саны тақ — 7, 9, 11 данадан. Айшырақ қорымынан 13 қабір ашылды. Оның екеуі [[қола дәуірі]]нің соңғы кезеңіне жатады. Мәйіттерді сол жақ не оң жақ бүйірімен бір қырынан жатқызып, қолы мен тізесін бүгіп, басын батыс, кейде шығысқа қаратып жерлеген. Кейде мүрдені өртеп, күлін көмген. Бас жағына геометриялық өрнектер салынған көзе қойылған. Бір қоршау ішінде екіден онға дейін қабір бар. Әр қоршау бір отбасы мүшелеріне арналған. Отағасы ортадағы қабірге, қалғандары қатарластыра жерленген. Айшырақ қорымының бірқатар қабірлері екі қабаттан тұрады. Төмеңгі қабір тастары жоғарғы үлкен қабір ішінде. Қола дәуірінің кейінгі кезеңінде дүние салған кісілер үстінде обасы бар қоршаулар ішіндегі тас қабірлерге жерленген. Қабір іші отпен [[Аластау|аласталған]]. Қабірлерден өлген адамдармен бірге қоладан құйылған жебе ұштары, көркем өрнектелген саз ыдыстар, ұршық бастары, мыстан, тастан және түсті моншақтар, мыстан құйып сыртын алтынмен аптаған бұранда тәрізді [[салпыншақ]]тар, шаш түйреуіштер, мыс [[білезік]]тер т.б. заттар табылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> |
| − | + | ||
| − | + | ||
| − | {{ | + | == Дереккөздер == |
| + | {{Дереккөздер}} | ||
| + | {{Ұлытау облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері}} | ||
| + | |||
| + | [[Санат:Ұлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері]] | ||
[[Санат:Андронов мәдениеті]] | [[Санат:Андронов мәдениеті]] | ||
| − | [[Санат: | + | [[Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері]] |
14:30, 2024 ж. қазанның 8 кезіндегі түзету
Айшырақ қорымы — Ұлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген Орталық Қазақстандағы Андроново мәдениетінің Атасу кезеңі мен Беғазы-Дәндібай мәдениетіне (б.з.б. 14–12 ғасырлар) ауысуға аяқ басқан дәуірінен қалған археологиялық ескерткіштер тобы.
Орналасқан жері
Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылынан солтүстікке қарай 20 км, Атасу өзенінің сол жағалауында, Қаражал кенішінен оңтүстік-шығысқа қарай 93 км жерде орналасқан. Орталық Қазақстан археология экспедициясы 1952 жылы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан, 1992 жылы Ж. Құрманқұлов) зерттеген.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 1-том</ref>
Қорым сипаты
Қорым гранит тастардан құралған 102 қоршау мен 9 қоршаулы обадан тұрады. Қоршаулар шеңбер, дөңгелек, төртбұрыш, шаршы түрінде, кейде бір-бірімен қиюласа салынған. Бейіттің оңтүстік-шығыс жағында құрбандық шалып, діни рәсімдер өткізетін, үлкен ақ шақпақ тастардан құралған бірнеше қоршау бар. Тастарының саны тақ — 7, 9, 11 данадан. Айшырақ қорымынан 13 қабір ашылды. Оның екеуі қола дәуірінің соңғы кезеңіне жатады. Мәйіттерді сол жақ не оң жақ бүйірімен бір қырынан жатқызып, қолы мен тізесін бүгіп, басын батыс, кейде шығысқа қаратып жерлеген. Кейде мүрдені өртеп, күлін көмген. Бас жағына геометриялық өрнектер салынған көзе қойылған. Бір қоршау ішінде екіден онға дейін қабір бар. Әр қоршау бір отбасы мүшелеріне арналған. Отағасы ортадағы қабірге, қалғандары қатарластыра жерленген. Айшырақ қорымының бірқатар қабірлері екі қабаттан тұрады. Төмеңгі қабір тастары жоғарғы үлкен қабір ішінде. Қола дәуірінің кейінгі кезеңінде дүние салған кісілер үстінде обасы бар қоршаулар ішіндегі тас қабірлерге жерленген. Қабір іші отпен аласталған. Қабірлерден өлген адамдармен бірге қоладан құйылған жебе ұштары, көркем өрнектелген саз ыдыстар, ұршық бастары, мыстан, тастан және түсті моншақтар, мыстан құйып сыртын алтынмен аптаған бұранда тәрізді салпыншақтар, шаш түйреуіштер, мыс білезіктер т.б. заттар табылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Ұлытау облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері