Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ақкөбік хан"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Кіріспе бөлімін өңдеді)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Ақкөбік АлыпXIII ғасырда өмір сүрген қыпшақтардың Тоқсаба тайпасының көсемі. Онымен Қыпшақ-Дурут тайпасының көсемі Көтен хан арасындағы қақтығыс тарихи деректерде сипатталған. Қазақ қыпшақтардың арғы атасы.

Өмірі

Қыпшақтардың Тоқсаба тайпасынан шыққан. Тоқсаба тайпасы ең бірінші болып Шыңғыс ханға өз еркімен келіп қосылды. Тоқсабалық Витут Юрий Қоншақұлынан жеңіліс тапқан соң, Үргенішке қашып барады, алайда сол жерде Хорезмшах тарапынан өлтіріледі. Оның екі ұлы Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, сол кезде ұлдарының бірін Юрий Қоншақұлы өлтіреді. Екінші ұлы Мүйтен Шыңғыс ханға қашып барып, оның қоластына өтеді. Шыңғыс хан әскері Хорезмшахты, Юрий Қоншақұлын талқандап Мүйтеннің кегін қайтарып береді. Тоқсаба тайпасы Шыңғыс ханның сенімді одақтастарына айналады. Мүйтен қайтыс болған соң оның орнын ұлы Ақкөбік басады.

Аңыз бойынша, Көтен ханның ұлы Мангуш аң аулау кезінде Ақкөбік ханмен кездесіп, оның қолынан қаза табады. Бұл оқиға екі тайпа арасындағы бұрыннан келе жатқан бәсекелестікті күшейтіп, Көтен хан Тоқсаба тайпасына қарсы соғыс ашады. Нәтижесінде, Ақкөбік хан жараланып, оның әскері жеңіліске ұшырайды. ​Жеңілістен кейін Ақкөбік ханның інісі Аңсар (немесе Унсар) мыңқол ханы Бату ханға барып, Дурут тайпасына қарсы көмек сұрайды. Бату хан бұл өтінішті қабыл алып, Дуруттарға қарсы жорық ұйымдастырады, нәтижесінде көптеген дуруттар қырылып, қалғандары тұтқынға алынады.<ref>Кипчакская месть</ref>

Ақкөбік ханның өмірі мен әрекеттері қыпшақ тайпаларының ішкі саяси қатынастары мен моңғолдармен байланыстарының күрделілігін көрсетеді. Бұл оқиғалар XIII ғасырдағы Еуразия даласындағы этносаяси жағдайды түсінуге маңызды үлес қосады.​<ref>Исторические реалии в эпосе Ак-Кубек</ref><ref>К вопросу о добровольном присоединении некоторых кипчакских племен империи Чингисхана</ref>

Қазақ халқының құрамындағы қыпшақтар осы Ақкөбік хан мен Тоқсаба тайпасынан тараған. Оған дәлел, қара қыпшақтардың ұранының «Тоқсаба» болуы.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер