Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қызылтөбе қалашығы (Төле би ауданы)"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Көне қалашық Үлгі:Мағына Қызылтөбе – ортағасырлық қалашық орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Төле би ауданы Ынтымақ ауылының маңында Доңызтау өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Сипаты
1957 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Г. Максимова), 1979 жылы Шымкент педагогикалық институтының археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Подушкин) зерттеген. Қалашықтың қазіргі орны екі бөлек төбешік. Біріншісі – қамал, табаны 100х90 м, үстіңгі бөлігі 50х40 м, биіктігі 9 м тік бұрышты төбешік. Оған солтүстік жағынан жалғасып жатқан рабад, табаны 130х80 м, үстіңгі жағы 70х50 м, биіктігі 5-6 м келген төбешік. Ескерткіштің едәуір бөлігі автомобиль жолы мен өзге де құрылыстар салу кезінде бұзылған. Қазба жүргізу барысында табылған материалдарға қарағанда халық Қызылтөбені V-VIII ғасырларда мекендегені аңғарылады.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 768 б.ІSВN 9965-26-175-Х</ref>