Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Кішімүрде"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Кішімүрде (VII-XIII ғғ.) – орта ғасырлардағы қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылының оңтүстік-батыс жағында 1 км жерде орналасқан.

Сипаты

Кішімүрдені 1940 жылы Жамбыл археология пунктінің экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич) зерттеген. Қоныстың қазіргі аумағы 25x21 м, биіктігі 2,5-3 м. Айналасы бекініспен қоршалған. Бұзылған бөлмелердің құрылыс жүйелері сақталған. Зерттеу кезінде бүйірі шығыңқы, кең мойыны конус тәрізді, шүмегінің астында мойынының негізіне дейін созылған қолқасы бар көзелер табылған. Олардан басқа үлкен жөне кіші құм, саптаяқ, тостаған, шырақ тегене, түрлі ыдыс қалдықтары шыққан. Табылған материалдарға қарағанда Кішімүрде тұрғындары б.з. VII-XIII ғасырларда өмір сүрген. Олар егін, мал шаруашалығымен айналысқан.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте