Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Маханды"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Маханды қалашығы – ортағасырлық қалашық, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Меркі ауданы, Қостоған ауылының шығыс шеті, Маханды өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

1977 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы, 1985 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясы (жетешісі М. Елеуов) зерттеген.
Ауданы 200х200 м, ені 10 м, биіктігі 1,5-2 м 24 мұнара қалдықтары бар дуалмен қоршалған. Қалашықтың ортасында тік бұрышты ауданы 50х37 м, биіктігі 1 м қамал бар.
Табылған заттарға (құман, құмыра, көзе, т.б. қыш ыдыстар) қарағанда Маханды қалашығын халық X-XII ғасырларда мекен еткен.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте