Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тальхиз"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
ш (1 түзету)

(басқа бір қатысуышының арадағы бір түзетуі көрсетілмеген)
Жол нөмірі 1: Жол нөмірі 1:
'''Тальхиз''' немесе '''Тальир''' — [[Алматы облысы]]нда орналасқан орта ғасырлық қала орны. [[Талғар]] қаласының оңтүстігінде, [[Іле Алатауы]] бөктерінде, [[Талғар өзені]]нің оң жақ жағалауында орналасқан<ref>{{cite web | url=http://wikimapia.org/23069810/ru/%D0%A2%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%B8%D1%80-%D0%A2%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D1%85%D0%B8%D0%B7 | title=Тальир (Тальхиз)}}</ref>.

{{Көне қалашық

|Атауы        = Талғар (Талхиз) қалашығы

|сурет        = Talgar_Ancient_City.JPG

|өлшемі        =

|Сурет атауы  =

|Мәртебесі    = Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

|Мемлекет      =

|Қазіргі жері  = {{KAZ}}, [[Алматы облысы]] [[Талғар]] қаласының оңтүстік шеті

|Қалануы      = б.з. VIII ғасыры

|Қалаушы      =

|Деректерде атала бастады =

|Басқаша атаулары = Талхиз, Талхир

|Халық саны    = 5-6 мың

|Қиралды      =

|Қиралу себебі =

|Орналасуы    =

|lat_dir = N |lat_deg = 43|lat_min = 16|lat_sec = 45

|lon_dir = E |lon_deg = 77|lon_min = 13|lon_sec = 19

|region        =

|CoordScale    =

|Позициялық карта 1 = Қазақстан

|ПозКарта 1 ені    =

|crosses180        =

|Облыс картасы      =

|Ортаққордағы санаты =

'''Талғар қалашығы''', '''Талхиз''', '''Талхир''' — [[Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі]]не енген ортағасырлық қала орны.

8-9 ғасырлардың жазба деректерінде Тальхиз деген атпен белгілі. Қаланың гүлденген кезі 10-13 ғасырларға тура келеді. Бұл кезеңде Тальхиз экономикалық, мәдени және саяси орталыққа айналды. Жан-жағы дуалмен қоршалған қаланың қазіргі кезде төртбұрышты төбе болып қалған орта тұсы сақталған.

== Орналасқан жері ==

[[Алматы облысы]], [[Талғар]] қаласы шетінің оңтүстік бөлігі, [[Іле Алатауы]] бөктерінде, [[Талғар (өзен)|Талғар]] өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.

Қала жан-жағынан биік қамалмен қоршалған. Қамал қабырғаларының бұрыштары мұнаралармен толықтырылып, сыртынан ор қазылған. Қазір олар үстін шөп басып, бұта жапқан топырақ үйіндісіне айналған.

== Зерттелуі мен қазба жұмыстары ==

Ескерткіште жүйелі археологиялық қазба жұмысы тек [[1955 жыл|1955]] жылы басталды. Қазбаны И. И. Копыловтың жетекшілігімен Қазақ педагогикалық институты үзіліспен жасап, ал [[1970 жыл|1970]] жылдардың екінші жартысында Т. В. Савельеваның басшылығымен А. Х. Марғұлан атындағы археология институты жалғастырды. [[1994 жыл|1994]] жылдан бастап қазақстандық археологтармен бірге ескерткішті кешенді зерттеуге АҚШ, Германия, Жапония мен Израил археологтары, геоморфологтары, жер қыртысын зерттеушілер, палеоботаниктер, палеозологтар қатысты.

Талғар қалашығына жүргізілген көп жылдық зерттеу нәтижесінде, ең алдымен, оның қазылған аумағындағы тұрғын үйлерінің өзіндік ерекшелігі мен қорғаныс құрылыстары, қолайлы жағдайлары, сумен қамтылуы анықталды. Қолөнершілер шеберханаларының және қыштан, темірден, қоладан, шыныдан жасалған бұйымдардың олжалары көзешілік, ұсталық, шыны, мыс, зергерлік сияқты қолөнер түрлерінің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ Талхирдың [[Иран]]мен, [[Қытай]]мен, [[Орта Азия]], [[Үндістан]], тіпті X–XIII ғасырларда [[Жапония]]мен байланыстары болғаны анықталды.

Қалаға кіретін екі қақпа бар. Олардың біріншісі солтүстік–шығыс жақ қабырғаның ортасында да, екіншісі оңтүстік-батыс жағында.

== Қала атауы, құрылысы ==

"Талғардың" географиялық атауы өте көне, оның екінші бөлігі "ғар", үнді-еуропалықтардың "тау" деген ұғымын білдіреді. Х ғасырдың соңғы ширегіндегі география беттерінде "Әлем шекарасында" екі елдімекен Ыстықкөлге жақын жикилей мен қарлұқ иелігі арасында орналасқан Тонг пен Талхиз кездеседі.

Талхир қала ретінде б.з. VIII ғасырында пайда болды, ал X–XIII ғасырларда мейлінше гүлденді.

9 га жерді алып жатқан көне қалашықтың орталық бөлігі басқа жерлерінен биікте болды. Талхир барлық жағынан дуалмен қоршалған болатын. Қазір ол дуал күлге айналып, шөп пен бұта өскіндерінің астында қалды. Қаланың өзен жағасындағы жарлауытқа барып тірелген батыс жағынан басқасы ормен қоршалды. Оның бұрыштары мен қабырғалары сыртқа теуіп шығып тұрған мұнаралармен нығайтылды. Шығатын есіктер бір-біріне қарама-қарсы қабырғалардың ортасында болды. Айқасатын көшелер көне қалашықты төртке бөліп тұрды. Бекіністің сыртындағы құрылыстар жапатармағай бір типтес болды.

Тальхиздың орталық бөлігі – ауданы 9 гектарға жуық төртбұрышты алаң. Орталық бекіністің шетінен тұрғын үйлер, шеберханалар салынып, қаланың ауқымы 30 гектарға жеткен. Көп жылдар бойы жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде Тальхиздағы тұрғын үйлердің, шеберханалардың үлкен немесе кішкене көшелерді жағалай топ-тобымен орналасқандығы анықталды. Қалашықтың ішіндегі жолдар өзеннің малта тастарымен төселіп қаланы төртке бөліп тұр. Үйлер көшелер арқылы кварталдарға топтастырылған, әр кварталда 12-14 үй болған. Олардың өзі тар көшелер арқылы өзара байланысып жатқан.

=== Көшелері мен үй-жайлары ===

Қала түзу көшелер мен орамдарға бөлінген. Олардың әрқайсысында 12–14 үй-жай болды да, олар бір-бірімен шағын көшелер арқылы байланысты. Қаланың үй-жайлары жеке үй мен оның ауласынан тұрды, ол үй иесінің бай-кедейлігіне қарай ыңғайланды, өйткені қалада жер қашанда да қымбат тұратыны белгілі. Әрбір үй-жай екі бөлікке бөлінді: кішісі – үйдің тұратын бөлігі, үлкені – шаруашылық және малқоралар. Оларға кірер есік басқа жағынан шығарылды. Талхирдің тұрғын үй кварталдарында жұрт қатты қыстың өзінде де суықты аса сезінбеді, өйткені тар көшелер мен үйлердің қалың қабырғалары жел ызғарын ішке көп жібере қоймады.

Қалада 3500-5000 м2 жерді алып жатқан 60-қа жуық квартал орналасқан. Үй-жайлардың өздеріне тән белгісі, құрылымы болған: олар үйдің өзінен және ауласынан құралған. Ауланың үлкен-кішілігі үй қожасының тұрмыс жағдайына, дәулетіне байлынысты. Өйткені қай уақытта да қалада жер қалада жер қымбат болатыны белгілі. Қаланың ішіндегі тұрғын үйлердің жоспары ұзынша төртбұрышты жұмыр тастардан саз балшық араластырып тұрғызылған. Әрбір үй бірнеше бөлмеден тұрады және тұрғын бөлмелерді жылыту, нан пісіру мақсатымен тандыр, ал шаруашылық бөлмелерінде ұра орналастырылған.

=== Құрылыс материалдары ===

Үй-жайдың керегесі жергілікті материалдардан – шикі кірпіш пен жұмыр тастардан қаланды. Іргетасы қойтастардан қаланып, қыста жылуды жақсы сақтау үшін жерге тереңдеп барып орнықты. Тастан қаланған қабырға үй қабырғасы биіктігінің үштен бір бөлігін құрады. Үй қабырғасының ішіне шикі кірпіш қаланды. Сейсмикалық белдеу ретінде тяньшандық шырша бөренелері пайдаланылды (оған смола сіңірілді, ондай ағаш шірімейді). Төбе жабындысы (шатыры) екі қапталды болды. Бұл – жауын көп жауатын тау етегінде өте қажетті жағдай.

Мал қораларының төбесі жазық болып, жеңілдеп жабылды. Оған көбінесе құрғақ шөп, қамыс немесе сабан пайдаланылды.

Қала құрылысы негізінен тастан қаланған. Әрбір құрылыс орнының аумағы 300 м2. Отырықшы малшылармен қатар қалада ұсталар, қыш, әйнек, әшекей, сүйек, темір өңдеу шеберлері және құрылысшылар да көп болған. Қаладан қыш ыдыстар, темірден, қоладан, сүйектен жасалған құралдар мен әшекейлер көптеп табылды.Мысалы: тұғырадағы шырақ, ақшалар. Күміс,мыс. Сүйектен қашап алынған әр түрлі тұрмыстық бұйымдар, қола айна, шырақ. Ирандық мыс құмыра және де басқа жәдігерлер.<ref>Жетісу энциклопедиясы</ref><ref>{{cite web | url=http://www.heritagenet.unesco.kz/kz/content/history/monument/talgar/talhiz.htm | title=Талгар (Тальхиз)}}</ref>

=== Қолайлы жайластырылуы ===

Ортағасырлық Талхир тұрғын үйге жоғары деңгейде қолайлы жағдай жасай білді. Басты көшелерге тас төселді, су саздан әзірленген құбырлар арқылы келтірілді. Ағынды су тартатын құбыр арқылы құдықтарға жеткізілді.

Қалада тұрған қолөнершілер сату үшін саздан, мыстан ыдыстар әзірледі, қоладан, алтын мен күмістен сәндік

бұйымдар, темірден балта, пышақ, есікке тиек, соқа тісін, аңшылық аспаптарды жасады.

Сүйектен кесіп бұйым жасау жоғары деңгейге жеткізілді, оның ішінде жабайы аңдардың мүйіздері мен сүйектерін талхирлік шеберлер кеңінен пайдаланды.

== Тұрғындары, мәдени өмірі ==

Талхир тұрғындарының негізгі бөлігін түркілер – жікілдер, қарлұқтар, яғмалар құрады. Қалада сондай-ақ Орта Азиядан, Иран мен Қытайдан келген көпестер тұрды. Зерттеушілердің есептеуі бойынша қаланың ең гүлденген кезінде (XI–XIII ғасырлар) онда барлығы 5–6 мың тұрғын тұрған. Олардың көбі сауатты болды, оны саздан істелген ыдыстың бетіне арабша жазған жазуларынан көруге болады. Онда қолөнершілерінің немесе саздан істелген ыдыс иесінің аты жазылды. Араб жазуы исламмен бірге IX ғасырда келген. Бұл сына жазумен жазылған жазуы бар тас ұршықтан белгілі болып отыр.

Тұрғындар шахмат ойнай білді. Қазу кезінде табылған фигуралары сүйектен және саздан істелген бұл көне ойын оны жақсы көретін ойыншылар Талхирде XI–XII ғасырларда-ақ болғанын дәлелдейді.

== Сауда байланысы ==

Қала өміріндегі ең маңызды рөлді [[Ұлы Жібек жолы]] бойынша өтетін халықаралық сауда атқарды. Талхир тоғыз жолдың торабы болды да, Жібек жолы осы арадан жан-жаққа тарамдалды. Бір бағыт [[Талғар (өзен)|Талғар]] өзенін төмен бойлай [[Іле]] өзенінен өтіп, солтүстік-шығысқа бет алды да, [[Жетісу Алатауы|Жоңғар]] маңы арқылы [[Алакөл (көл)|Алакөл]], одан ары Қытайға кетті. Екіншісі шығысқа – Шелек арқылы [[Шарын (өзен)|Шарын]]ға, одан Іленің оң жақ жағасын бойлай қазіргі [[Жаркент]] пен [[Қорғас (ауыл)|Қорғас]] арқылы Қытайға немесе Шелек арқылы [[Нарынқол]]ға тағы да Қытайға бет түзеді.

Талхирда әрбір ел саудагерлерінің керуен сарайлары болды. Олар мұнда демалып алып, әрі қарай жол тартты. Шетелден келген тауарлардың бір бөлігін олар қала базарында сатты не талхирлік кедендерге тауар ретінде төледі және таңғажайып нәрселерін қала басшыларына сыйға тартты. Қала тұрғындарының үйлерін қазу кезінде қола айналар, Қытайдан келген фарфор ыдыстар, қола құмғандар және Ираннан келген табақтар, алыс Үндістаннан келген пілсүйегінен істелген бұйымдар, [[Самарқан]]нан келген суаруға арналған саздан істелген ыдыстар, тіпті алыс Жапониядан Талхирға фаянс табақтар келді. Олардың бетіне сәнді, алтынмен қапталған киімдер киген адамдар бейнеленген.

Талғар қалашығынан табылған тиындар сол ерте заманда сауда байланысының кең қанат жайғанын дәлелдейді.

== Қолөнері ==

Ұсталар мен зергерлер фигуралы құйылымдарды, нақышты, алтын жалатуды, өрнек салуды пайдаланды. Қазу кезінде сәндік бұйымдардан аса мол коллекция жиналды, олар: моншақтар, салпыншақтар, сырғалар, қоладан істелген айылбастар, алтын, күміс, басқа да ұсақ-түйектер.

Әбзелшілер ат әбзелдерін, ер-тұрман, тартпалар дайындады. Былғарыдан тігілетін және бастырма өрнектерімен сәнделетін етік, мәсі, кебіс, басқа да аяқ киімдер тікті. Кілем тоқу да кеңінен таралды. Кілемдер ашық түсті және қызыл аямен тоқылды. Әсіресе түксіз кілемдер жоғары бағаланды.

== Шаруашылығы ==

Сауда және қолөнермен қатар, тұрғындар ауыл шаруашылығымен, аңшылықпен айналысты. Көптеген қала тұрғындарының үйінде сатуға арналған астық қоймасы болды. Мал қораларында жылқы, түйе, қой, ешкі ұстады. Киік, арқар, қасқыр, түлкі, борсық, қоян аулады. Осы жануарлардың сүйегі мен олардан жасалған бұйымдар қазу кезінде көптеп табылды.

Көптеген тұрғындары қала өміріне беріде ғана өткен. Олар малшылық дәстүрді бұл кезде әлі ұмыта қоймаған, сондықтан қазу кезінде көптеген үйлердің аулаларынан киіз үй қаңқалары табылған болатын.

== Темір соғу өндірісі ==

Металл олжаларды зерттей келіп, ғалымдар қалада темірдің, шойын мен болаттың әр түрлі сорттары, оның ішінде нағыз болат ретінде барынша белгілі болған, оны дайындау құпиясы бүгінде ұмыт болған болат қорытатын бақырша болғанын анықтады. Бұл күрделі технологияларды қазіргі металлургтер тозаң бойынша дәлме-дәл қайталап берді.

Талхирдан шыққан ортағасырлық шеберлер аса атақты мамандар болды, ал қала Шығыстағы әйгілі болат қорытатын, аздаған темір өңдеу өндіріс орталықтарының бірі болып саналды. Темір соғатын өндіріс дамудың жоғары дәрежесімен ерекшеленді.

Археологтар темірден жасалған аса мол коллекция жинады. Табылымдардың ішінде қанжарлар, пышақтар, жебе ұштықтары, қару-жарақтан сауыт пластинкалары, жауынгерлік дулыға сынықтары табылды. Еңбек құралдарынан бау-бақша пышақтары, балталар, соқа тістері кездесті. Тұрмыс заттары тым көп, олар: шегелер, пышақтар, балталар, кілттер, құлпылар, сандық құрсаулары, шынжырлар, шамдалдар және басқалар.

Ортағасырлық қазылымдар Жібек жолындағы бұл ірі қала қолөнердің, сауданың, ауыл шаруашылығы мен мәдени өмірдің орталығы болғанын көрсетеді. Көне қалада әлі де археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 3 т.– 476 б., карталар, суреттер ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-218-4</ref>

== Қалашық көріністері, табылған заттар ==

<gallery>

Қазіргі Талғар қаласы маңындағы ортағасырлық қалашық.jpg|Қазіргі Талғар қаласы маңындағы ортағасырлық қалашық.

Талғар қалашығының орталық бөлігінің жалпы көрінісі. ХІ–ХІІ ғғ.jpg|Талғар қалашығының орталық бөлігінің жалпы көрінісі. ХІ–ХІІ ғғ.

Талғар қалашығы. Қалашықтың орталық бөлігіндегі ХІ–ХІІІ ғғ. төселген жол.jpg|Қалашықтың орталық бөлігіндегі ХІ–ХІІІ ғғ. төселген жол.

Талғар қалашығы. ХІ–ХІІІ ғасырлардағы қыш ыдыстар.jpg|ХІ–ХІІІ ғасырлардағы қыш ыдыстар.

Талғар қалашығы. ХІ–ХІІІ ғасырлардағы төрт тармақты қыш шырақ.jpg|ХІ–ХІІІ ғасырлардағы төрт тармақты қыш шырақ.

Талғар қалашығы. ХІ–ХІІ ғасырлардағы қола шырақ.jpg|ХІ–ХІІ ғасырлардағы қола шырақ.

Талғар қалашығы. ХІ–ХІІ ғасырлардағы қола құмыралар.jpg|ХІ–ХІІ ғасырлардағы қола құмыралар.

Талғар қалашығы. ХІ–ХІІІ ғасырлардағы қола бұйымдар көмбесі.jpg|ХІ–ХІІІ ғасырлардағы қола бұйымдар көмбесі.

Талғар қалашығы. ХІ–ХІІІ ғасырлардағы темір бұйымдар.jpg|ХІ–ХІІІ ғасырлардағы темір бұйымдар.

</gallery>

== Дереккөздер ==

== Дереккөздер ==

{{дереккөздер}}

{{дереккөздер}}

{{stub}}

{{Алматы облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері}}
{{уики}}

[[Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері]]

[[Санат:Қазақстан көне қалалары]]
[[Санат:Көне қалалар]]

[[Санат:Қазақстан тарихы]]

[[Санат:Қазақстан тарихы]]

[[Санат:Алматы облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері]]

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Талғар қалашығы, Талхиз, ТалхирРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ортағасырлық қала орны.

Орналасқан жері

Алматы облысы, Талғар қаласы шетінің оңтүстік бөлігі, Іле Алатауы бөктерінде, Талғар өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.

Зерттелуі мен қазба жұмыстары

Ескерткіште жүйелі археологиялық қазба жұмысы тек 1955 жылы басталды. Қазбаны И. И. Копыловтың жетекшілігімен Қазақ педагогикалық институты үзіліспен жасап, ал 1970 жылдардың екінші жартысында Т. В. Савельеваның басшылығымен А. Х. Марғұлан атындағы археология институты жалғастырды. 1994 жылдан бастап қазақстандық археологтармен бірге ескерткішті кешенді зерттеуге АҚШ, Германия, Жапония мен Израил археологтары, геоморфологтары, жер қыртысын зерттеушілер, палеоботаниктер, палеозологтар қатысты.
Талғар қалашығына жүргізілген көп жылдық зерттеу нәтижесінде, ең алдымен, оның қазылған аумағындағы тұрғын үйлерінің өзіндік ерекшелігі мен қорғаныс құрылыстары, қолайлы жағдайлары, сумен қамтылуы анықталды. Қолөнершілер шеберханаларының және қыштан, темірден, қоладан, шыныдан жасалған бұйымдардың олжалары көзешілік, ұсталық, шыны, мыс, зергерлік сияқты қолөнер түрлерінің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ Талхирдың Иранмен, Қытаймен, Орта Азия, Үндістан, тіпті X–XIII ғасырларда Жапониямен байланыстары болғаны анықталды.

Қала атауы, құрылысы

"Талғардың" географиялық атауы өте көне, оның екінші бөлігі "ғар", үнді-еуропалықтардың "тау" деген ұғымын білдіреді. Х ғасырдың соңғы ширегіндегі география беттерінде "Әлем шекарасында" екі елдімекен Ыстықкөлге жақын жикилей мен қарлұқ иелігі арасында орналасқан Тонг пен Талхиз кездеседі.
Талхир қала ретінде б.з. VIII ғасырында пайда болды, ал X–XIII ғасырларда мейлінше гүлденді.
9 га жерді алып жатқан көне қалашықтың орталық бөлігі басқа жерлерінен биікте болды. Талхир барлық жағынан дуалмен қоршалған болатын. Қазір ол дуал күлге айналып, шөп пен бұта өскіндерінің астында қалды. Қаланың өзен жағасындағы жарлауытқа барып тірелген батыс жағынан басқасы ормен қоршалды. Оның бұрыштары мен қабырғалары сыртқа теуіп шығып тұрған мұнаралармен нығайтылды. Шығатын есіктер бір-біріне қарама-қарсы қабырғалардың ортасында болды. Айқасатын көшелер көне қалашықты төртке бөліп тұрды. Бекіністің сыртындағы құрылыстар жапатармағай бір типтес болды.

Көшелері мен үй-жайлары

Қала түзу көшелер мен орамдарға бөлінген. Олардың әрқайсысында 12–14 үй-жай болды да, олар бір-бірімен шағын көшелер арқылы байланысты. Қаланың үй-жайлары жеке үй мен оның ауласынан тұрды, ол үй иесінің бай-кедейлігіне қарай ыңғайланды, өйткені қалада жер қашанда да қымбат тұратыны белгілі. Әрбір үй-жай екі бөлікке бөлінді: кішісі – үйдің тұратын бөлігі, үлкені – шаруашылық және малқоралар. Оларға кірер есік басқа жағынан шығарылды. Талхирдің тұрғын үй кварталдарында жұрт қатты қыстың өзінде де суықты аса сезінбеді, өйткені тар көшелер мен үйлердің қалың қабырғалары жел ызғарын ішке көп жібере қоймады.

Құрылыс материалдары

Үй-жайдың керегесі жергілікті материалдардан – шикі кірпіш пен жұмыр тастардан қаланды. Іргетасы қойтастардан қаланып, қыста жылуды жақсы сақтау үшін жерге тереңдеп барып орнықты. Тастан қаланған қабырға үй қабырғасы биіктігінің үштен бір бөлігін құрады. Үй қабырғасының ішіне шикі кірпіш қаланды. Сейсмикалық белдеу ретінде тяньшандық шырша бөренелері пайдаланылды (оған смола сіңірілді, ондай ағаш шірімейді). Төбе жабындысы (шатыры) екі қапталды болды. Бұл – жауын көп жауатын тау етегінде өте қажетті жағдай.
Мал қораларының төбесі жазық болып, жеңілдеп жабылды. Оған көбінесе құрғақ шөп, қамыс немесе сабан пайдаланылды.

Қолайлы жайластырылуы

Ортағасырлық Талхир тұрғын үйге жоғары деңгейде қолайлы жағдай жасай білді. Басты көшелерге тас төселді, су саздан әзірленген құбырлар арқылы келтірілді. Ағынды су тартатын құбыр арқылы құдықтарға жеткізілді.
Қалада тұрған қолөнершілер сату үшін саздан, мыстан ыдыстар әзірледі, қоладан, алтын мен күмістен сәндік бұйымдар, темірден балта, пышақ, есікке тиек, соқа тісін, аңшылық аспаптарды жасады.
Сүйектен кесіп бұйым жасау жоғары деңгейге жеткізілді, оның ішінде жабайы аңдардың мүйіздері мен сүйектерін талхирлік шеберлер кеңінен пайдаланды.

Тұрғындары, мәдени өмірі

Талхир тұрғындарының негізгі бөлігін түркілер – жікілдер, қарлұқтар, яғмалар құрады. Қалада сондай-ақ Орта Азиядан, Иран мен Қытайдан келген көпестер тұрды. Зерттеушілердің есептеуі бойынша қаланың ең гүлденген кезінде (XI–XIII ғасырлар) онда барлығы 5–6 мың тұрғын тұрған. Олардың көбі сауатты болды, оны саздан істелген ыдыстың бетіне арабша жазған жазуларынан көруге болады. Онда қолөнершілерінің немесе саздан істелген ыдыс иесінің аты жазылды. Араб жазуы исламмен бірге IX ғасырда келген. Бұл сына жазумен жазылған жазуы бар тас ұршықтан белгілі болып отыр.
Тұрғындар шахмат ойнай білді. Қазу кезінде табылған фигуралары сүйектен және саздан істелген бұл көне ойын оны жақсы көретін ойыншылар Талхирде XI–XII ғасырларда-ақ болғанын дәлелдейді.

Сауда байланысы

Қала өміріндегі ең маңызды рөлді Ұлы Жібек жолы бойынша өтетін халықаралық сауда атқарды. Талхир тоғыз жолдың торабы болды да, Жібек жолы осы арадан жан-жаққа тарамдалды. Бір бағыт Талғар өзенін төмен бойлай Іле өзенінен өтіп, солтүстік-шығысқа бет алды да, Жоңғар маңы арқылы Алакөл, одан ары Қытайға кетті. Екіншісі шығысқа – Шелек арқылы Шарынға, одан Іленің оң жақ жағасын бойлай қазіргі Жаркент пен Қорғас арқылы Қытайға немесе Шелек арқылы Нарынқолға тағы да Қытайға бет түзеді.
Талхирда әрбір ел саудагерлерінің керуен сарайлары болды. Олар мұнда демалып алып, әрі қарай жол тартты. Шетелден келген тауарлардың бір бөлігін олар қала базарында сатты не талхирлік кедендерге тауар ретінде төледі және таңғажайып нәрселерін қала басшыларына сыйға тартты. Қала тұрғындарының үйлерін қазу кезінде қола айналар, Қытайдан келген фарфор ыдыстар, қола құмғандар және Ираннан келген табақтар, алыс Үндістаннан келген пілсүйегінен істелген бұйымдар, Самарқаннан келген суаруға арналған саздан істелген ыдыстар, тіпті алыс Жапониядан Талхирға фаянс табақтар келді. Олардың бетіне сәнді, алтынмен қапталған киімдер киген адамдар бейнеленген.
Талғар қалашығынан табылған тиындар сол ерте заманда сауда байланысының кең қанат жайғанын дәлелдейді.

Қолөнері

Ұсталар мен зергерлер фигуралы құйылымдарды, нақышты, алтын жалатуды, өрнек салуды пайдаланды. Қазу кезінде сәндік бұйымдардан аса мол коллекция жиналды, олар: моншақтар, салпыншақтар, сырғалар, қоладан істелген айылбастар, алтын, күміс, басқа да ұсақ-түйектер.
Әбзелшілер ат әбзелдерін, ер-тұрман, тартпалар дайындады. Былғарыдан тігілетін және бастырма өрнектерімен сәнделетін етік, мәсі, кебіс, басқа да аяқ киімдер тікті. Кілем тоқу да кеңінен таралды. Кілемдер ашық түсті және қызыл аямен тоқылды. Әсіресе түксіз кілемдер жоғары бағаланды.

Шаруашылығы

Сауда және қолөнермен қатар, тұрғындар ауыл шаруашылығымен, аңшылықпен айналысты. Көптеген қала тұрғындарының үйінде сатуға арналған астық қоймасы болды. Мал қораларында жылқы, түйе, қой, ешкі ұстады. Киік, арқар, қасқыр, түлкі, борсық, қоян аулады. Осы жануарлардың сүйегі мен олардан жасалған бұйымдар қазу кезінде көптеп табылды.
Көптеген тұрғындары қала өміріне беріде ғана өткен. Олар малшылық дәстүрді бұл кезде әлі ұмыта қоймаған, сондықтан қазу кезінде көптеген үйлердің аулаларынан киіз үй қаңқалары табылған болатын.

Темір соғу өндірісі

Металл олжаларды зерттей келіп, ғалымдар қалада темірдің, шойын мен болаттың әр түрлі сорттары, оның ішінде нағыз болат ретінде барынша белгілі болған, оны дайындау құпиясы бүгінде ұмыт болған болат қорытатын бақырша болғанын анықтады. Бұл күрделі технологияларды қазіргі металлургтер тозаң бойынша дәлме-дәл қайталап берді.
Талхирдан шыққан ортағасырлық шеберлер аса атақты мамандар болды, ал қала Шығыстағы әйгілі болат қорытатын, аздаған темір өңдеу өндіріс орталықтарының бірі болып саналды. Темір соғатын өндіріс дамудың жоғары дәрежесімен ерекшеленді.
Археологтар темірден жасалған аса мол коллекция жинады. Табылымдардың ішінде қанжарлар, пышақтар, жебе ұштықтары, қару-жарақтан сауыт пластинкалары, жауынгерлік дулыға сынықтары табылды. Еңбек құралдарынан бау-бақша пышақтары, балталар, соқа тістері кездесті. Тұрмыс заттары тым көп, олар: шегелер, пышақтар, балталар, кілттер, құлпылар, сандық құрсаулары, шынжырлар, шамдалдар және басқалар.

Ортағасырлық қазылымдар Жібек жолындағы бұл ірі қала қолөнердің, сауданың, ауыл шаруашылығы мен мәдени өмірдің орталығы болғанын көрсетеді. Көне қалада әлі де археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 3 т.– 476 б., карталар, суреттер ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-218-4</ref>

Қалашық көріністері, табылған заттар

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Алматы облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері