Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қызылмақташы (көне қала)"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Көне қалашық
Қызылмақташы – көне қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Талас ауданы, Бостандық ауылының оңтүстік шетінде орналасқан.
Сипаты
1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Байбосынов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Көне қалашық X-XIII ғасырларға жатады. Орны биіктігі 3 м болатын төбешік пішіндес, аумағы 270х200 м. Топырақ үйінділерінен жасалған қоршау қамал рөлін атқарған. Қамалдың бұрыштарында күзет мұнаралары болған. Қалашықтың орнының оңтүстік-шығыс жағындағы цитадельдің аумағы 40х25 м. Цитадель қазір биіктігі 5 м болатын төбешік болып дараланып тұрады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>