Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тастөбе (Жамбыл ауданы)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Үлгі:Мағына Тастөбе – ортағасырлық қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Географиялық орны

Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округіне қарасты Тастөбе ауылынан солтүстікке қарай 300 м жерде.

Зерттелуі

Қалашықты 1898 жылы В.А. Каллаур, 1936 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы зерттеген.

Сипаты

Ескерткіш үш бөліктен тұрады. Алғашқысы – дөңгелек төбе, биіктігі 18 м, диам. 100 м-ге жуық; екіншісі – осы төбені барлық жағынан қоршаған, өлшемдері солтүстіктен оңтүстікке қарай – 130 м, шығыстан батысқа қарай – 170 м террасадан тұрады; орт. бөлігі ормен бөлінген. Негізгі төбеден оңтүстік-батысқа қарай 30 м жерде өлшемдері 80 - 50 м, биіктігі 2,5 м, шығыстан-батысқа қарай созылыңқы бекіністің қалдығы сақталған; үшіншісі – негізгі төбеден солтүстікке қарай 50 м жерде орналасқан. Оның табанының аумағы 90 - 70 м.
Қалашықтың үстінен қыш ыдыстардың, күйдірілген кірпіштің сынықтары кездеседі. Археологиялық қазба барысында табылған заттарға қарағанда қалашықты тұрғындар 6 – 12 ғасырларда мекен еткен. Олар мал өсіріп, егіншілікпен айналысқан.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref> Қ18 Қазақстан ғылымы: Энциклопедия./ Бас.ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2010. Т.2.– 544 бет. ISBN 9965-893-30-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте