Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Марданкүйік"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Марданкүйік – ортағасырдағы қалашық орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы Қоғам ауылынан солтүстікке қарай 8 км жерде.

Сипаты

194951 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.И. Агеева, А.Н. Бернштам), 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген.
Археологиялық қазбаларға қарағанда қалашық: қамалдан (цитадель), шахристан мен рабадтан тұрған. Тік төртбұрышты қамалдың биіктігі 11 м, ауданы 70-40 м. Тіктөртбұрышты шахристан орнының биіктігі 8 м. Оның солтүстік және оңтүстік қабырғалары 340 м. Шахристан мұнарасы дуалмен қоршалған. Шахристан оңтүстік жағында 8 га алаңды алған рабадпен жалғаса орналасқан. Ол биіктігі 8 м дуалмен қоршалған.
Қазба жұмысы кезінде қабырғалары шикі кірпіштен қаланған тұрғын үйлердің қалдықтары, құмыра, тегенелердің сынықтары табылды. Қаланың жоғарғы қабатынан табылған мыс тиындардың бетінде арыстан бейнесі, ал сыртқы бетінде таңба секілді садақтың суреті бар. Бұл тиындар VIII ғасырға жатады. Марданкүйік шахристанынан балшық күйдіретін бірнеше пештердің орны табылды. Алмұрт тәрізді пештің от жағатын және күйдіретін екі бөлігі бар. Күйдіру камерасында от тіреу бағанасы арқылы барған, сонымен қатар бұл бағана пештің жоғарғы күмбезін де тіреп тұрған. Пешті аршу кезінде табылған көзелер XII-XIII ғасырларға жатады. Зерттеу жұмыстары орта ғасырларда Марданкүйіктің Оңтүстік Қазақстандағы қолөнер мен сауданың ірі орталықтарының бірі болғанын дәлелдейді.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref> <ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 </ref>

Әдебиет

  • Археологическая карта Казахстана, Свод Памятников истории и культуры Казахстана Южно-Казахстанская область, А.-А., 1994.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте