Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Пеллагра"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:40, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Пеллагра (Үлгі:Lang-it — бұжыр тері) — витамин жетіспеушіліктен болатын ауру. Адам организмінде РР витамині (никотин қышқылы) жетіспесе, Пеллагра ауруына ұшырайды. Сондай-ақ бұл аурудың пайда болуына организмде РР витаминінің алмасуына қажетті триптофан (амин қышқылы) мен рибофлавиннің (В2 – витамині) аз болуы да әсер етеді.
Аурудың белгісі
- дерматит (теріде, әсіресе бет және мойын терісінің бөртуі),
- диарея (ауыз қуысы мен ішектің шырышты қабаттарында, асқазанда сөл бөліну мен ас қорыту процесінің бұзылуынан іштің тоқтамауы)
- деменция (психиканың бұзылуы, полиневрит ауруына шалдығу) түрінде байқалады.
Емі
Емдеу авитаминозға себеп болған факторларды жоюдан басталады. Дәрі ретінде никотинамид қолданылады — ниациннің метаболизм өнімінің белсенді түрі. Никотинамидтің қолдану жиілігі мен дозасы науқастың жағдайына байланысты. Емдік диета — жоғары белокты (жануарлық шығу тегі) рацион, оңай сіңірілетін никотин қышқылы мен триптофанға бай.
КСРО дәрігері Лев Александрович Зильбер пеллаграға қарсы балдырдан жасалған ашытқы препаратын әзірлеген.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Тағы қараңыз
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том