Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Прогерия"
ш (→Кіріспе бөлімін өңдеді: қате жазылған сөздерді дұрыстадым) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:40, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Infobox Disease Прогерия (Үлгі:Lang-grc — астам, Үлгі:Lang-grc2 — шал) — өте сирек кездесетін генетикалық аурулардың бірі. Прогерия кезінде адам терісі мен ішкі мүшелерінің өзгеріске ұшырауы байқалады. Бұл ағзаның мезгілсіз қартаюымен пайымдалады. Прогерия балаларда (синдром Гетчинсон (Хатчинсон)-Гилфорд синдромы) және ересек адамдарда (Вернер синдромы) кездеседі.
Қазіргі таңда, әлемде 80-ге жуық прогериямен ауырған жағдай тіркелген, оның ішінде 6 жасар Адалия Роуз (Adalia Rose), 13 жасар қыз – Хэйли Окинс, 7 жасар Ашанти Элиотт-Смит, сондай-ақ 12 жасар Онталаметсе Фалатсе (Ontlametse Phalatse). Фалатсе Йоханнесбургқа жақын қалашығында тұрады, ол прогериямен ауырған жалғыз негроидтық нәсілді адам. Сондай-ақ әлемге танымал болған, прогериямен ауырып, 2011 жылдың 5 маусымында қайтыс болған YouTube қолданушысы – Леон Бота<ref name="Staff report (14 January 2010). Transcend and Transgress, Mail & Guardian">Multimedia Slideshow: Transcend and Transgress — Mail & Guardian</ref>. Леон өзінің тағдырына қарамастан YouTube желісінде өзінің видеоблогын жүргізеді, сондай-ақ ол диджей және xип-хоп орындаушы. Осы аурумен ауырған тағы да бір талант иесі – америкалық үгіттеуші спикер, 17 жасар кезінде қайтыс болған Сэм Бернс.