Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қобда ескерткіштері"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Қобда Ескерткіштері - сәулет-құрылыс ескерткіштері кешені. Ақтөбе облысында Үлкен Қобда өзені аңғарында орналасқан.
Қазақстанның батыс бөлігінде сақталған бірегей ескерткіштердің бұл тобы географиялық орналасуы ерекшелігімен Қобда ескеткіштеріне топталады. Кешенге орта ғасыр ескерткіштері Абат-Байтақ, Бекқұл әулие қорымдары, сондай-ақ, XVIII-XX ғасырлар аралығында салынған мазарлар, ұзын саны 200-дей құлпытастар, қойтастар, сандықтастар кіреді. Құлпытастардың көпшілігін ақ және ақсұр әктастан қазақ шеберлері қашаған. Олар әртүрлі үлгідегі, ою-өрнекпен өрнектелген. Бәрінің биіктігі 1,2 - 2,0 аралығында. Құлпытастарда араб әрпімен қаза болған адамның ата тегі, ру таңбалары қашалып жазылған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>