Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жез қобыз"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Жез қобыз — қазақтың көне саз аспабы. Аспап атауы ішегінің немесе шанағының тұтас жезден жасалатындығына байланысты қойылған. Құрылысы қылқобызға ұқсас, бет тақтайына үш-төрт сым ішек тартылды. Қияқпен ысылып ойналады. Жез қобыздың жасалу әдіс-тәсілі мен ойнау үлгісі қобыз бен қылқобыз аспабында қолданатын әдіс-тәсілдермен бірдей. Жез қобызда перне болмайды, саусақпен ішекті мойынға басып отыру арқылы ойналады. Ұлттық ән-күйлермен бірге, батыс классиктерінің шығармаларын да орындауға болады. Жез қобыз түркі тілдес халықтарда кездеседі, әсіресе, Моңғолия қазақтары арасында кең тараған. 1934 жылдан бері кәсіби оркестрлерде де ойналып жүр.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Қазақтың саз аспаптары Үлгі:Суретсіз мақала