Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Маңғыстау облыстық филармониясы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Қазақстан филармониялары» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

М.Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> - мәдени-концерттік мекеме.

Тарихы

  • Филармония Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінің №72 бұйрығы негізінде 1975 жылы 1-сәуірде құрылды.
  • 2003 жылдары 30 шілдедегі облыстық әкімінің шешімімен филармонияға М.Өскенбаевтың есімі берілді.
  • 2006 жылдары филармонияның кіші симфониялық оркестрі құрылып жұмыс істей бастады. Аталмыш оркестр үшін Алматы қаласында киімдер тігіліп, барлық музыкашы мамандар аспаптармен қамтамасыз етілді. Облыс әкімінің желтоқсан оқиғасына қатысушыларымен кездесу және оның мерекелік концерт бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл концертке филармонияның бүкіл шығармашылық ұжымдары қатысып, ол кіші симфониялық оркестрдің тұсаукесер концерттік бағдарламасымен аяқталды. Концерт бағдарламасына Қазақстан мен Ресейдің және шет ел композиторларының шығармалары енгізілді. Облыстық мәдениет басқармасының шақыруымен кіші симфониялық оркестрдің тұсаукесер концертіне профессор Қ.Ахметов дирижерлік жасады. Оркестр ұжымына ҚР мәдениет қайраткері Р.Мадреев жетекшілік етеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Мақсаты және құрамы

Облыстық филармонияның негізгі мақсаты жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, жергілікті тұрғындарды классикалық музыка туындыларымен таныстыра отырып, олардың рухани қажетін өтеу болып табылады. Маңғыстау облыстық филармониясының құрамында камералық ансамбль (Маңғыстау облыстық филармониясының камералық ансамблі), қазақ ұлт аспаптар оркестрі және «Ақжарма» фольклорлық-этнографиялық ансамблі бар.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті