Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Абыл Тарақұлы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:39, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Музыкант Абыл (шын аты – Абылай) Тарақұлы (1820, Оймауыт-Желтау мекені – 1892, сонда) – күйші, Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы.

Өмірбаяны

Бала кезінде еркелетіп Абыл атанған; жастайынан ән мен күйді серік етіп, Боғда, Қошқар сынды күйшілерді өзіне ұстаз тұтқан. Олардың күйлерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шығарып, орындаушылық-күйшілік өнерімен танылған.

Абыл Қазақстанның батыс аймағын, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Хиуа аумағын аралап, сан рет күйшілер өнерінің сайысына түскен.

Күйлері

Абылдың:

  • «Абыл»,
  • «Ақжелең» (А. нұсқасы),
  • «Нар ату»,
  • «Ақсақ құлан»,
  • «Кеңес»,
  • «Аранжанның шалқымасы» аталатын күйлері сақталған.

Мәнері мен шәкірттері

Стильдік жағынан оған шалқыма пошымы, нәзік қайырымдар, күрделі үндестік тән.

Есбай (Тазбала), Алтынай, Сәулебай, Өскенбай, Арал, Құлшар, Қауен, Есір, т.б. күйшілер өздерін Абылдың шәкірті санаған әрі оның күйшілік өнерін, орындаушылық дәстүрін жалғастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізген.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978</ref><ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997</ref><ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000</ref><ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001</ref><ref>«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002</ref><ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Суретсіз мақала