Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қазақ кітабының шежіресі (көрсеткіш)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
«Қазақ кітабының шежіресі» - библиографиялық көрсеткіш. Алғашқы басылымы 1986 ж. жарық көрген. Көрсеткіште 1807-1917 ж. Қазан, Уфа, Санкт-Петербург, Орынбор, Ташкент, Семей, т.б. қалаларда қазақ тілінде басылып шыққан мыңға тарта кітап туралы қысқаша анықтама берілген. Құрастырушылар: библиограф-ғалым Ү. Субханбердина, Д. Сейфуллина. Кітаптар шыққан жылдарына қарай хронологиялық тәртіппен берілген. Кітап 1996 ж. 5000 дана таралыммен қайта басылып шыққан.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-096-6</ref>