Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дәуір баспасы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

«Дәуір» баспасыҚазақстандағы ірі полиграфиялық кәсіпорын. Алма­ты қаласында орналасқан. Газет-журнал, кітап, т.б. баспа өнімдерін көп дана­мен басып шығаруға маманданған. 1918 жылы қалалық "Заря свободы" га­зетінің тұңғыш саны жарық көрген шағын баспахана негізінде 1932 жылы құрылған. Ұзақ жылдар бойы Қазақ­стан КП ОК-нің газет-журнал баспаханасы аталып, республикалық газет-журналдарды басып шығаратын негізгі өндірістік база міндетін атқарды. 1991 жылдан «Дәуір» республикалық газет-журнал баспасы аталды. Баспа 2000 жылы «Дәуір» жабық акционерлік коғамға айналды. «Дәуір» 4 тілде - қазақша, орысша, ағылшынша және түрікше шығатын 44 газет пен 22 журнал редакцияларына қызмет көрсетеді. Мұнда мерзімді басылымдармен қатар қалың мұқабалы кітаптар, түрлі түсті басы­лымдар, мектепке арналған өнімдер, көрнекілік құралдары басылады. 1998 жылы Парижде өткен көрмеде үздік өндірістік-технологиялық көрсеткіштері үшін «Дәуір» халықаралық "Алтын жұл­дыз" белгісімен марапатталды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала