Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жәкен Байтуов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Жәкен Байтуов (28.04.1891 жылы туған, Қарағанды облысы Шет ауданы Шаруатеңеу ауылы - 19.02.1962, сонда) - халық ақыны. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншытағай бұтағынан шыққан.<ref>Қояншы-Дәулет-Таңай, Болашақ-Баспа, 2008, 293 бет. Н. О. Дулатбеков(төраға), Н.Т. Жұмәділова, Б. Доскеев, Қ. Медиев, С. Тұңғышбеков, Г.Ш. Рымжанова және т.б. ISBN 9965-534-40-3</ref> Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Маясар, Болман, Тұңғышбай, Жалқыбай ақындармен айтысқа түскен. Жәкен "Қойшы мен қасқырдың", "Ақ қой мен қара қойдың" айтыстары, "Наршөккен", "Бірінші майға" өлеңдері, "Саржан-Бодық", "Бөрі батыр", "Көк жайдақ", т.б. дастандары бар. "Сал-сал", "Абылай", "Наурызбай" дастандарын жатқа айтып, ел ішіне таратқан.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала