Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Кемелхан Ақмырзаев"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Тұлға Ақмырзаев Кемелхан (1938 ж. т., Форт-Шевченко қ.) – журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1960).
Өмірбаяны
ҚазМУ-дың журналистика факультетін (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1965).
1956 – 60 ж. Шевченко ауданы газетінде корректор, әдеби қызметкер, 1965 – 72 ж. республикалық «Лениншіл жас» («Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1972 – 91 ж. республикалық телестудияда аға редактор, бас редактордың орынбасары болды. 1992 жылдан сол студияда аға редактор.
1986 – 91 ж. «Білім, ғылым» бас редакциясының қазақ бөлімін басқарды.
Еңбектері
Ақмырзаев қазақ теледидарында ширек ғасырға жуық қызмет етіп, «Жоғары оқу орындарында», «Қазақстан ғылымы», «Тіл тағдыры – ел тағдыры» аталатын және мектеп, балабақша тәрбиесі хақындағы көкейтесті хабарларды ұйымдастырды.