Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Сілтеме жасалды)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Монумент Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешеніСолтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген киелі нысан ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар қатарында.

Орналасқан жері

Айыртау ауданы, Қарасай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км жерде.

Кезеңі

Жерленуі – XVII ғасыр, мемориалдық кешен – 1999 жыл 15 қазан. Сәулетшілері – Б. Ибраев және С. Ағытаев.

Тарихи деректер

Ескерткіш нысан Қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батырлар – Қарасай мен Ағынтайдың құрметіне салынған. Сәулет тұрғысынан кешен көне түркі дәстүрін жалғастырып және басты белдігі бойынша Меккеге қарай бағытталып салынған. Конус тәрізді мұнаралардың биіктігі 16 м. Мұнаралардың арасында барлық кешенді бірыңғай бейнеге біріктіретін, биіктігі 12 м болатын мешіт орналасқан. Барлық композициялық элементтер шеңбердің "ішіне сызылған" (қоршау құрылысының диаметрі 27 м). Жоба бойынша құрылыс өлшемі 19x13,5 м құрайды. Кесененің алдында құрбандық салтына арналған алаң салынған.
Кешеннің жанында көптеген жауынгерлер жерленген. Граниттен салынған іргетас үстіндегі алаң бұрыштарында батырлардың жауынгерлік айбынының нышандары ретінде қола қаптамасы бар металдан жасалған кескіннің біріктірілген найзалары орнатылған. Мемориал ортасында, кесенелер арасында қос батырдың ерліктері қабырғаға қашап жазылған пинотека залы бар. Кесенеге кіру есігі металдан жасалған, олардың беттерінде Құран сүрелері ойылып жазылған.
Ішкі көріністерін өңдеу барысында керамикалық кірпіш, Күрті және Қордай граниттері пайдаланған. Құлпытастар жылтыратылған қызыл Қордай граниттен орындалған.
Әр құлпытастың жанында шырақ орналасқан, келушілер оны жағып, аруақтардан көмек берулерін сұрай алады. Кешен алдындағы алаң табиғи тас тақтатасымен төселген, осында демалыс үшін қойылған орындықтар, сонымен қатар шойын құймасы технологиясы бойынша орындалған тіреулеріндегі шырақтар бар. Кесенелер белсенді қажылық орны болып табылады. Адамдар аты аңызға айналған батырлар күш пен батылдық береді деп сенеді.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері