Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дәуімшар қорымы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Сурет:Дәуімшар қорымы.jpg
Дәуімшар қорымы

Дәуімшар қорымыАқтөбе облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші, сәулет өнері.

Орналасқан жері

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 37 км жерде.

Кезеңі

XVII ғосырдың соңы, XX ғасырдың басы.

Тарихи деректер, аңыздар

Дәуімшар қорымы – аумағы 4 га-дан асатын, 200 нысаннан тұратын діни жерлеу кешені.
Кешеннің мағыналық ядросы – кесілген ағаштардан жасалған дулыға тәріздес күмбездері бар үш кесене. Олардың екеуі қорымның солтүстік шығысында, ал үшіншісі – Мырза Мұрын (1881-1882 ж.) кесенесі солтүстік-батысында орналасқан. Кесенелердің ішкі әрлеуіне өзіндік айқын оюлы безендіру тән. Қорымның кіші архитектуралық формаларын үш топқа бөлуге болады: сандықтас, құлпытас, қойтастар; бөлек тұрған құлпытастар; қойтастар. Барлық нысандар жайпақ беттегі көлемді нақышты оюлармен безендірілген. Аймақта тараған ауызекі аңыз бойынша, қорым осы жерде 1810 жылы жерленген ембі қазақтарының басшысы Дәуімшардың есімімен аталған.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>
Бұл зират Адайдың қырықмылтық бөлімінің батыры Дәуімшар (Есекей) есімімен аталады. Аңыз әңгімелерге қарағанда мұнда қалмақтармен соғыста қаза болғандар жерленген. Екінші бір мәліметте Дәуімшардың бастауымен қазақ жасақтары кезінде Гурьевтен шыққан ағылшындар экспедициясымен қақтығысып, содан көп адам қаза табады. Бұл 1810 жылы болған. Осы ұрыста қаруы аса көп ағылшындар оғынан адайлардың көп адамы шейіт болады, келімсектер жағынан да шығын болады. Ағылшындардың моласы қауымның етек жағында, одан сәл берігірек жатыр.<ref>Ақтөбе: энциклопедия. - Ақтөбе, 2001. - 748 бет</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері