Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Іле ойысы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|||
| Жол нөмірі 1: | Жол нөмірі 1: | ||
| − | [[Сурет:Большое Алматинское Озеро. Весной.jpg|thumb]]'''Іле Ойысы''' – Қазақстанның | + | [[Сурет:Большое Алматинское Озеро. Весной.jpg|thumb]]'''Іле Ойысы''' – Қазақстанның оңт.-шығысындағы тауаралық тектоник. құрылым. Солт-нде [[Жоңғар Алатауы|Жетісу (Жоңғар) Алатауы]] және [[Борохоро жотасы|Борохоро]] (Бурақара) оңт-нде [[Іле Алатауы]] және [[Кетпен]] (Ұзынқара) жоталарымен, шығысында [[Қытай]] жерінен басталып, батысында [[Қараой тауы (Алматы облысы)|Қараой]], [[Итжон]] үстірттерімен шектеседі. І. о. өзін қоршаған таулардан терең жарылымдармен шектелген. Ойыстың жалпы ұз. – 1000 км, республика жеріне батыс бөлігімен кіреді (көпшілік жері Қытайда), Қазақстанда батыстан шығысқа 300 – 350 км-ге созылып жатыр, ені шығысында 100 – 120 км, батысында 70 – 80 км, орта шенінде оң жағалаудан [[Қату]], [[Қалқан]], сол жағалаудан келіп, ойысты жіңішкертіп (25 – 30 км-ге дейін) екіге бөледі: батыс жағы [[Алматы]], шығыс жағы [[Жаркент]] құлдималары. Орт. бөлігін Іле өз-нің аңғары алып жатыр. Абс. биіктігі шығысында 700 м, батысында 500 м, таулы жоталарға қарай 1000 м-ге дейін биіктей түседі. Бұл ойыстың палеозойлық тұғыры батысында 3000 м, шығысында 5000 м тереңдікте, үстін [[мезо-кайнозой|мезо-кайнозойлық]] шөгінділер жапқан құрылым тектоник. болғандықтан, жер сілкіну болып тұрады; 7 – 9 балдық белдемге жатады. [[Климат|Климаты]] тым континенттік, жазы ыстық, қуаң шілденің орташа темп-расы 21,3 – 25,4С, қысы суық, қары аз, қаңтардың орташа темп-расы –5,8 – 11,7С. Жылдық жауын-шашын мөлшері ойыстың түбінен ернеуіне қарай (Қапшағайда – 260 мм, Алматыда – 575 мм) және шығыстан батысқа қарай өсе түседі (Шелекте – 233 мм, Қапшағайда – 260 мм). Су торына Іле және оның салалары жатады. Жер бедерінде тау етегінің шөлейтті және жазықтық шөл ландшафтысы айқын ажыратылады. Іле Алатауы мен Кетпен жоталарының тау етегі жазығы дөңбектасты-малтатасты қабаттан түзілген, үстін ллсс тәріздес қоңыр саз жапқан, ашық қоңыр топырағында жусанды-изенді өсімдіктер өскен. Жетісу (Жоңғар) Алатауының тау етегі жазығының бозғылт сұр топырағында бұйырғынды-сексеуілді және тасбұйырғынды өсімдіктер кездеседі. Бұрын Іле өз-нің аңғары болған ойыстың түбін аллювийлік шөгінді басқан. Энергетикада, балық ш-нда зор маңызы бар Қапшағай бөгені салынған. Ойыстың оңт. етегін бойлай [[Шілік (өзен)|Шілік]] – [[Шамалған]] өзен аралықтарында Үлкен Алматы каналы тартылған. |
| + | <ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том</ref> | ||
==Пайдаланылған cілтемелер== | ==Пайдаланылған cілтемелер== | ||
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі түзету
Іле Ойысы – Қазақстанның оңт.-шығысындағы тауаралық тектоник. құрылым. Солт-нде Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Борохоро (Бурақара) оңт-нде Іле Алатауы және Кетпен (Ұзынқара) жоталарымен, шығысында Қытай жерінен басталып, батысында Қараой, Итжон үстірттерімен шектеседі. І. о. өзін қоршаған таулардан терең жарылымдармен шектелген. Ойыстың жалпы ұз. – 1000 км, республика жеріне батыс бөлігімен кіреді (көпшілік жері Қытайда), Қазақстанда батыстан шығысқа 300 – 350 км-ге созылып жатыр, ені шығысында 100 – 120 км, батысында 70 – 80 км, орта шенінде оң жағалаудан Қату, Қалқан, сол жағалаудан келіп, ойысты жіңішкертіп (25 – 30 км-ге дейін) екіге бөледі: батыс жағы Алматы, шығыс жағы Жаркент құлдималары. Орт. бөлігін Іле өз-нің аңғары алып жатыр. Абс. биіктігі шығысында 700 м, батысында 500 м, таулы жоталарға қарай 1000 м-ге дейін биіктей түседі. Бұл ойыстың палеозойлық тұғыры батысында 3000 м, шығысында 5000 м тереңдікте, үстін мезо-кайнозойлық шөгінділер жапқан құрылым тектоник. болғандықтан, жер сілкіну болып тұрады; 7 – 9 балдық белдемге жатады. Климаты тым континенттік, жазы ыстық, қуаң шілденің орташа темп-расы 21,3 – 25,4С, қысы суық, қары аз, қаңтардың орташа темп-расы –5,8 – 11,7С. Жылдық жауын-шашын мөлшері ойыстың түбінен ернеуіне қарай (Қапшағайда – 260 мм, Алматыда – 575 мм) және шығыстан батысқа қарай өсе түседі (Шелекте – 233 мм, Қапшағайда – 260 мм). Су торына Іле және оның салалары жатады. Жер бедерінде тау етегінің шөлейтті және жазықтық шөл ландшафтысы айқын ажыратылады. Іле Алатауы мен Кетпен жоталарының тау етегі жазығы дөңбектасты-малтатасты қабаттан түзілген, үстін ллсс тәріздес қоңыр саз жапқан, ашық қоңыр топырағында жусанды-изенді өсімдіктер өскен. Жетісу (Жоңғар) Алатауының тау етегі жазығының бозғылт сұр топырағында бұйырғынды-сексеуілді және тасбұйырғынды өсімдіктер кездеседі. Бұрын Іле өз-нің аңғары болған ойыстың түбін аллювийлік шөгінді басқан. Энергетикада, балық ш-нда зор маңызы бар Қапшағай бөгені салынған. Ойыстың оңт. етегін бойлай Шілік – Шамалған өзен аралықтарында Үлкен Алматы каналы тартылған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том</ref>
Пайдаланылған cілтемелер
Ж. Ахметов <references/>Үлгі:Stub Үлгі:Wikify