Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жауыр"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:37, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Жауыр , көбінесе, жылқыда кездесетін ауру. Ж. жегіске, мініске пайдаланылатын жылқы шоқтығының, арқасының жарақаттануымен сипатталады. Аурудың негізгі себептері: жылқының мойнындағы қамыттың не арқасындағы ер-тұрманның үйлеспеуі, терлік пен тоқымның лас және қатты түйінді болуы, ер салудың тәртібін сақтамау, т.б. Ж. болған жылқының арқасы алғашқы кезде домбығып ісінеді. Жұмысқа пайдалануды тоқтатпаса 2 — 3 күннен кейін ісінген жердің терісі іріңдеп, жараға айналады. Жараны антисептикалық дәрілермен емдейді. Ж. болған малды әбден жазылғанша мінуге, жұмысқа пайдалануға болмайды. Ж. болмау үшін жұмыс көліктерін, қамыт пен ер-тұрманды дұрыс пайдалану керек.