Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тұйықсу қақпасы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (+Санат:Алматы облысы географиясы; +Санат:Қазақстан шыңдары (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Тұйықсу қақпасы - Кіші Алматы шатқалының орта деңгейіндегі (2800 м) мәңгі мұздықтар жолын бөгеп жатқан аса ірі құз-шыңдар тізбегі. Шығысында Абай шыңының сілемі жатыр, қасында "Тауда қайтыс болғандар" мемориалды, "Тұйықсу" тау лагері, Қарабұлақ сарқырамасы мен "Тұйықсу қақпасы" қонақжайы бар. Мыңжылқы (3000 м) - Алматыдан 28 шақырым жердегі Кіші Алматы өзені бастауындағы мекен. Оны Тұйықсу мұздықтары қоршап тұр. Бұл жерден шыңдар мен Титов асуына апаратын жолдар басталады. Шатқалда 1936 жылдан бері ауа райы мен Кіші Алматы өзеніне күні бойы бақылау жасайтын Мыңжылқы гидрометерелогиялық станциясы жұмыс жасайды. Оңтүстігінде күшті су тасқынына қарсы бөгет бар.<ref>Жетісу кітабы</ref>