Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мұхтар Болатханұлы Тайжан"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:27, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мұхтар Болатханұлы Тайжан (10 қыркүйек 1973 жыл, Алматы) — қазақстандық кәсіпкер, саясаткер<ref name="saliq">Үлгі:Cite web</ref> мен активист,<ref name="qamal" /> Экономика ғылымдарының кандидаты (2007).<ref name="zakon" />

Тайжан бұрын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде мүше болған, Мәжіліс депутаттығына өзін ұсынған еді. Ол 2023 жылдан бері Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатына қарсы сөз айтып жүр, 2023 жылғы парламент сайлауының ресми нәтижесін мойындамайтын «Халықтық парламенттің» мүшесі атанған.

Өмірбаяны

Тайжан 1973 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Бура Найман руынан шыққан.Үлгі:Citation needed

Білімі

1990 жылы Алматыдағы №23 мектепті бітіріген Тайжан кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінінің Заң факультетіне түскен. Алайда әкесі Болатхан Тайжанның ұсынысынша оқуын Польшаның астанасы Варшавада жалғастырады. Варшава университетінде бакалавр және магистр деңгейлерін тәмамдап, халықаралық экономика қатынастары бойынша магистр атанды да,<ref name="zakon" /> Қазақстанға 1997 жылы оралды.

2007 жылы Тайжан «Жаһандану жағдайындағы Қазақстан және Польша арасындағы экономикалық ынтымақтастық перспективасы» атты кандидаттық диссертация қорғады да, экономика ғылымдарының кандидаты атанды.<ref name="zakon" />

Еңбек жолы

1997 жылдан 2001 жылға дейін Тайжан түрлі мемлекеттік қызметтерде жұмыс атқарды:

2001–2003 жылдар аралығында ол Қазақстан темір жолы мен Ордабасы корпорациясында басшылық қызмет атқарған.

2019 жылғы 17 шілдеде Тайжан Қазақстан президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі атанды да,<ref name="zakon" /> лауазымға 2020 жылғы 24 тамызға дейін ие болды. Оның орнын Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов алды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2023 жылғы парламент сайлауы кезінде Тайжан өзін Мәжіліс депутаттығына бірмандаттық сайлау округінен ұсынған болатын. 9 сәуір күні ол сайлаудың ресми нәтижесіне қарсы шыққан наразылардың бірі болды.<ref name="qamal" />

2003 жылдан бері ол — жеке кәсіпкер. 2009 жылдан бері ол, оған қоса, — Болатхан Тайжан қорының президенті.<ref name="zakon" />

Қоғамдық қызметі

2023 жылғы 12 сәуірде Алматыда Тайжан наразылық шараларына қатысқаны үшін 15 күнге қамауға алынды. Конституцияның 488-бабы бойынша ұсталған Тайжан Астанадағы жаңаөзендіктердің қамалуына қарсы шыққан болатын.<ref name="qamal" />

Саяси ұстанымы

Тайжан Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» жайлы уәдесін «жалған» деген, 2023 жылғы парламент сайлауының ресми нәтижесін мойындамай қойған.<ref name="qamal">Үлгі:Cite web</ref>

Сын

2025 жылы Тайжанның есімі «салығын төлемеген» тұлғалар тізімінде болды. Интернетте көп тараған бұл тізімді Тайжан жоққа шығарғандай болды, салық органдары есепті бұрыс шығарған деді.<ref name="saliq" />

Өз өмірі

Тайжан Айгүл Сайынқызы Тайжанға үйленген. Тайжанның Санжар (1997 жылы туған) есімді ұлы мен Ажар (1997 жылы туған) есімді қызы бар.

Тайжан қазақ пен орыс тілдерін меңгерген.<ref name="zakon">Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер