Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көкқұйық"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (±Санат:Қазақстан табиғаты→Санат:Қызылорда облысы географиясы; ±Санат:География→Санат:Төбелер (HotCat құралының көмегім...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Көкқұйық – Дариялық тақыр жазығының солтүстік-батысындағы төбе. Қызылорда облысы Байқоңыр қонысынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. Сырдария өзені алабында. Абсолюттік биіктігі 159 м. Шығыстан батысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу, пішіні доға тәрізді. Батысында Суық (тереңдігі 15 м, су шығымы 1000 л/сағ), т.б. құдықтар орналасқан. Төрттік кезеңінің жаңа түзілімдерінен құралған. Құмды сұр қоңыр топырақ жамылғысында жусан, теріскен, жүзгін, ебелек өседі.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>