Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сабақгүл"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Taxobox Сабақгүл, киксия (Үлгі:Lang-la) – сабынкөктер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда 1 түрі – күндешік (K.elatine) Түркістан, Батыс Тянь-Шань жоталарында өседі.

Ботаникалық сипаты

Биіктігі 15-100 см, түбінен бастап бұтақтанған сабағы жатаған, бұтақтары жіңішке келеді, сыртын безді түк жапқан. Сағақты жапырақтары домалақ немесе жалпақ жұмыртқа тəрізді, бүтін жиекті. Ашық сары түсті дара гүлі жапырақ қолтығына орналасқан, үстіңгі ернінің сыртқы жағы қошқыл күлгін түсті болады. Тостағаншасы түбіне дейін таспа тəрізді буындарға бөлінген, сирек жіңішке түкті. Аналық мойны жалпақ, тік. Жемісі – шар тəрізді қауашақ, екіге қақырап ашылады. Шілде–қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс береді. Лесс топырақты тау баурайларында, жазық жерлерде арамшөп ретінде өседі. Сабақгүлді емдік шөп ретінде суық тигенде, қызу көтерілгенде, жараларға таңу үшін пайдаланады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Түрлері

Үлгі:Div col

Үлгі:Div col end

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер