Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Біркөлік шатқалдары"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («Оңтүстік Қазақстан облысы географиясы» деген санатты қосты (HotCat құралының көме...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Біркөлік шатқалы - Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында, Шымкент қаласынан 50 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте Тянь-Шань тау сілемдерінде орналасқан.
Шатқал бойымен Біркөлік өзені ағады. Мұнда жаңғақ тоғайы, өрік және алма бақтары бар. Қарағай, Тянь-Шань шыршалары, емен, шынар, зерек, талшын ағаштары, итмұрын және т.б. дәрілік шөптер өседі.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің экспедициясының ауыл аймақтарды археологиялық зерттеулері кезінде Біргөлік шатқалынан 2 қорым табылған. Қорымдар классикалық сұлба бойымен(шығыстан батысқа қарай) орналасқан 30 обадан тұрады.