Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қарақабық"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Taxobox Қарақабық, әсия, угнерния (Үлгі:Lang-la) – амариллистер тұқымдасына жататын көп жылдық жуашықты өсімдіктер туысы. Қазақстанда Қаратауда (Батыс Тянь-Шань) ғана кездесетін 1 түрі – Северцов қарақабығы (U. Severzovіі) өседі. Биіктігі 40 см-дей, ұзынша келген жуан жуашығының сырты қара қабықты келеді. Сүйірленген жапырақсыз сабағының ұшында себетгүл шоғыры орналасады. Жапырақтары таспа тәрізді, ұзындығы 20 см, ені 2 см-дей. Гүлдерінің түсі қызылдау кейде сарғыш қоңырлау болады. Тұқымынан көбейеді. Шілде – тамызда жапырақтары түскеннен кейін гүлдейді. Тамыз айында жеміс береді. Тұқымы – ұсақ, қоңыр түсті қорапша. Оның жуашығынан дәрі, желім алынады. Северцов қарақабығының аз ғана ареалы Ақсу-Жабағылы қорығында сақталып қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref> Қазақ Энциклопедиясы </ref>

Түрлері

Сілтемелер

<references />