Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жағастай дембеті"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Taxobox Жағастай дембеті (Үлгі:Lang-la) – айлауықтар тұқымдасы, дембет туысына жататын көп жылдық көлеңке сүйгіш өсімдік.


Қазақстанда Кетпен (Ұзынқара) тауындағы Қалжат сайында өседі. Биіктігі 15 см-дей. Тамыр жапырақтарының сағақтары ұзын, жүрекше тәрізді. Сабағында ұсақ жапырақтары кезектесіп орналасады. Көгілдір гүлдері шар тәрізді шоғырланған. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі жаңғақша, сырты тегіс болады.

Жағастай дембеті – өте сирек кездесетін реликт өсімдік. Оның өсу ареалының жылдан-жылға таралуына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала