Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мензбир суыры"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Taxobox Мензбир суыры, көк суыр (Үлгі:Lang-la) – сүтқоректілер класы кемірушілер отрядының тиіндер тұқымдасына жататын ең кішкентай суыр.
Қазақстанда Сайрам, Сарыайғыр, Бадам және Өгем өзендерінің таулы аңғарларында теңіз деңгейінен 2000–3400 метр альпі және субальпі шалғындарын мекендейді. Дене тұрқы 41–50 см, салмағы 2,6–4,6 кг. Арқа жотасы сарғыш қоңыр, бауыры ақшыл-сарғылт. Тұрақты індерінде 7–8 айға созылатын қысқы ұйқыдан наурыз – сәуір айларында оянады. Жыныстық жағынан үш жылда жетіледі. Жылына 1 рет көбейіп, 2 – 7-ден ұрпақ береді. Көктемде өсімдік тамырын, жуашығын, ал жазда өсімдіктердің бұтағымен, жапырағымен, гүлімен қоректенеді. Сондай-ақ жауын құрты, қоңыз, моллюскілермен де қоректенеді. Негізгі жаулары – түлкі, қасқыр, бүркіт және аю.
Мензбир Суырының саны жылдан жылға азаюда. 1940 жылы Қазақстанда 40–50 мыңдай Мензбир суыры болса, қазіргі саны 20–25 мыңнан аспайды. Мензбир Суыры – терісі бағалы аң, майының шипалық қасиеті бар. Аулауға тыйым салынған, Халықараралық табиғат қорғау Одағының және Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Красная книга Казахстана|Красная книга Казахстана, 3 изд., А., 1996</ref>