Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Маңқы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Taxobox

Маңқы (Үлгі:Lang-la) - тауқұдіреттер тұқымдасына жататын құс.

Сипаты

  • Дене тұрқы 35 см, салмағы 200 г-дай.
  • Қоңыр түсті қауырсынының үстінде қара дақтары бар, бауыры теңбіл түсті.
  • Сұрғылт түсті кеудесінің шұбар дақтары бар.
  • Тұмсығының ұзындығы 57-69 мм.
  • Түнде белсенді тіршілік етеді, қорегін аулауға күн ұясына батар алдында шығады.
  • Ұшқан кезде жерден ауыр көтеріледі, 3-5 м биіктікке көтерліген соң түзу ұшады.

Ұя салуы

Маңқы - жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, мекиені көзге көп түсе бермейтін сазды төмпешікті жерлерге ұя жасап, оған 4 ірі, сұр түсті теңбіл жұмыртқа салып, 17-18 күн басады.Балапандары тез өседі, дене тұрқы 4-5 аптадан кейін үлкен маңқы құстармен бірдей болады.

Мекендеуі

Еуразияда (Скандинавиядан Енисейге дейін) және Қазақстанның батысынан шығысына дейінгі аймақтардағы жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандардың ашық және шалшықты-батпақты жерлерін мекендейді. Қыстау үшін Африкаға ұшып кетеді. <ref> Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

<references/>