Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Асылбек Сүйіндікұлы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (Volvonawish (т) өңдемелерінен Kasymov соңғы нұсқасына қайтарды)
Жол нөмірі 6: Жол нөмірі 6:
 
{{Суретсіз мақала}}
 
{{Суретсіз мақала}}
  
[[Санат:Қазақ билері]]
+
[[Санат:Қазақ би-шешендері]]
 
[[Санат:Абай Құнанбайұлы жобасының мақалалары]]
 
[[Санат:Абай Құнанбайұлы жобасының мақалалары]]
 
[[Санат:Туған жылы белгісіздер]]
 
[[Санат:Туған жылы белгісіздер]]
 
[[Санат:Қайтыс болған жылы белгісіздер]]
 
[[Санат:Қайтыс болған жылы белгісіздер]]

21:54, 2023 ж. қарашаның 30 кезіндегі түзету

Асылбек Сүйіндікұлы (т.-ө. ж. б.), Абайдың замандасы, ақынның ғашығы Тоғжанның туған ағасы. Тобықты руының Бөкенші табынан шыққан би, кезінде болыс болған. Абайдан біраз жас үлкен. Ол Абайды аса қадір тұтқан. Өзінің қайын жұрты сыбан Сабырбай ақынның ауылына қонаққа ертіп барған. Сол жылы Абай Қуандық, Сабырбай қызымен танысады. Бұл оқиға Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында барынша қанық суреттелген. Асылбек пен Абай екеуара өлеңмен хат жазысып тұрған. Кейіннен ру арасындағы қырғи қабақ жайларға байланысты аралары суып кеткен. Оған Зағипа Әбдіқызының оқиғасы себеп болған. Зағипа өзінің сүйген жігітін менсінбей, басына бостандық сұраған. Абай ояз арқылы қызға еркіндік алып береді. Алайда бұл істің соңы үлкен дауға ұласып, ел арасында іріткі туып, жаугершілікке ұшыратады, біраз адам итжеккенге айдалады. Зағипа құса болып, екі жылдан кейін дүниеден өтеді. Бұл жәйт «Абай жолы» эпопеясында Мәкен-Дәрмен арасындағы махаббат желісіне арқау болған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала