Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Николай Николаевич Турецкий"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені → Қазақстан Республикасында кімнің кім екені, 2 томдық → Екі томды using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Сурет:Николай Николаевич Турецкий.JPG
Николай Николаевич Турецкий

Николай Николаевич Турецкий

1958 жылы 8 қарашада Алматы облысы Талғар ауданының Кирово ауылында туған. Орыс.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1985), заңгер.

Заң ғылымдарының докторы (2005).

150-ден астам жарияланымдардың (комментарийлер, оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары, мақалалар) авторы.

1976 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1976 жылдан - Алматы тұрғын үй құрылысы комбинатының қалыптаушысы. 1979 жылдан - «Фосфат» спорт клубының нұсқаушысы. 1980 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1983 жылдан -ҚазКСР (ҚР) Ішкі істер министрлігі органдарында қызмет еткен. 2002 жылдан - Қазақ криминологиялық ассоциациясының директоры, «Предупреждение преступности» журналының редакторы әрі мамандандырылған «Динамо» ДШҚ оқу орталығы директоры.

2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. «ІІО-ға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; БЛКЖО ОК Құрмет белгісімен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Презедиумының грамотасымен марапатталған.

Велосипед спорты бойынша спорт шебері.

Үйленген. 2 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify