Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Күлзада Шаймерденова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: август → тамыз using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Шаймерденова Күлзада (1945 ж. т.) - ғалым-педагог. 1987 ж. «Абайдың педагогикалық көзқарасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Кейін бұл еңбегін толықтырып, жеке кітап етіп шығарды (А., 1990, орыс тілінде). Сондай-ақ, Абайдың жастарды жұбайлық өмірге баулудағы этик. ойлары, психол. астары жөнінде, ақын мұрасының бүгінгі тәлім-тәрбиеге ықпалы т. б. хақында ғыл. зерттеулер (Ұстаздар жүрген ізбенен. - А., 1978; Ұстаз - тәлімгер. - А., 1983) мен мақалалар (Ғылым таппай мақтанба. «Мәдениет және тұрмыс», 1985, № 8; Абай ұлағаты. «Қазақ әдебиеті», 1985, 23 тамыз; Абай Құнанбаевтың жастарды жұбайлық өмірге баулудағы этикалық-педагогикалық ойлары. Орта мектептерде жүргізілетін «Семьялық өмірдің этикасы мен психологиясы» курсына пайдалануға арналған методикалық кеңес. - А., 1986) жариялады. Оларда Абайдың пед. көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен негізгі себептерді талдады. Ақын шығармаларының жастардың дүниетанымын қалыптастыруға тигізген игі әсерін, оны мектептерде оқытудың мүмкіндіктерін ашып көрсетті.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub