Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Медет Айтуғанұлы Қағаров"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:29, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Медет Айтуғанұлы Қағаров (1940 жылы туған) - суретші-график, плакат, экслибрис, қондырғылы және кітап графикасы саласында жұмыс істейді. Өзбекстан Республикасының мәдениетке еңбек сіңірген қайраткері. Ол «Татьянаның қырдағы әні» кітабына («Жалын», 1980, қағаз, ксилография, автордың жеке қоры) 8 бет иллюстрация жасады. Көлемі шағын, композициясы ұтымды иллюстрацияның 3- беті қазақ халқының арасына «Татьянаның әні» қалай тарап, қалай танымал болғандығын баяндайды да, 5-беті ақынның бейнесін көрсетуге, сүйген қызымен кездескен сәтін беруге арналған. Сүйгенімен кездесу кезінде Абай жалынды сезім құшағында, ақындық шабыт қанаттандырған кейіпте бейнеленген.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>