Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Калесник мұздығы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(→Аумағы, жер бедері) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:53, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Калесник мұздығы, Колесников мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық.
Аумағы, жер бедері
Іле алабындағы Солтүстік Талғар өзенінің бастауында, 4580 м биіктіктен басталып 3400 метрге дейін созылып жатыр. Оған белгілі кеңес географы, С.В.Калесниктің есімі берілген. Ұзындығы 4,3 км (оның ішінде ашық жатқан бөлігі 3,8 км), жалпы аумағы 6,6 км2, фирн алаңы 4,4 км3. Орташа қалыңдығы 40 м. Мұз көлемі 0,24 км3. Мұздық тілінің ашық бөлігінің ауданы 2 км2, оның 0,2 км2-і борпылдақ жыныстармен көмкерілген. Калесник мұздығы еріп жылдан-жылға қысқарып келеді. <ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>