Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Кәмәси Өмірзақов"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:21, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Өмірзaқов Кәмәси (17 ақпан 1913, бұрынғы Үйгентас ауданы, Талдықорған облысы - 4 тамыз 1965, Алматы) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артісі (1965).
Өмірбаяны
1936 - 1938 ж. Қазақ акад. драма театры жанында ұйымдастырылған студияда оқыды. 1941 - 1942 ж. осы театрда актер болып қызмет етті.
1942 - 1947 ж. Біріккен орталық киностудиясында (ЦОКС), ал 1947 жылдан бастап қазіргі Қазақ акад. балалар мен жасөспірімдер театрында актер болды.
Рөлдері
Басты рөлдері: М. Ақынжанов пен Қ. Бадыровтың "Алты сақасында" Шоң, Ақынжановтың "Ыбырай Алтынсариндегі" Шоңмұрын, Қ. Сатыбалдиннің "Аягөз аруындағы" Далбасқан, Ф. Шиллердің "Махаббат пен зұлымдығында" Миллер, А.Н. Толстойдың "Алтын кілтіндегі" Карло атай, Ш. Құсайыновтың "Алдар көсесіндегі" Қарашор, т.б.
Ол кинода ("Жамбылдағы" Темір, "Абай әніндегі" Шал, "Иван Грозныйдағы" Солдат, "Шоқан Уәлихановтағы" Атқосшы, т.б.) түсті.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify