Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мәкілқожа Иманәліұлы Құланбаев"
(→Жалпы мәліметтер) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:21, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Кинематограф Мәкілқожа Иманәліұлы Құланбаев (22 наурыз 1926 жыл Алматы облысы, Жамбыл ауданы – 27 тамыз 1993 жыл Алматы) — кеңестік және қазақ кино және театр актері. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Жалпы мәліметтер
Найман тайпасының Қаратай руынан.
Алматы театр училищесін (1945) бітірген соң Қызылорда облыстық қазақ драма театры труппасында қызмет атқарды. 1948 жылдан қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры құрамында еңбек етті.
Алғашқы рөлі Қуыршақ сатушыны (А.Толстой, “Алтын кілт”) ойнап, актерлік талантын танытты. Құланбаев театр сахнасында Есен, Назарбек (М.Әуезов, “Еңлік – Кебек”, “Алуа”, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы, 1984), Әбутәліп (С.Мұқанов, “Мөлдір махаббат”), Қоңқай (Ғ.Мүсірепов, “Ақан сері – Ақтоқты”), Махамбет (Ә.Әлімжанов, “Махамбеттің жебесі” бойынша), әл-Фараби (Ш.Хұсайынов пен О.Бодықов, осы аттас спектакльде), т.б. рөлдерді сахнаға шығарды. Кинофильмдерде ойнаған рөлдері: Бала (“Райхан”), Қаратай (“Менің атым Қожа”, 1963), Ыдырыс (“Балалық шаққа саяхат”, 1969), Ермат (“Алтын күз”, 1978), Генерал-майор (“Қала қалқаны”, 1979), т.б. Құланбаев Қазақ радиосында радио-қойылымдарға қатысып, балаларға арналған “Ойлан тап” атты радио ойынында Жұмбақ атай бейнесін жасады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Марапаттары
- 1977 жылы «Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі» құрметті атағы берілген.
- 1983 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
- КСРОның «Құрмет белгісі» Орденімен марапатталған.
Дереккөздер
- 22 наурызда туғандар
- 27 тамызда қайтыс болғандар
- Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртістері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары
- Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері
- Қызылорда облыстық драма театры тұлғалары