Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Рыспубе Ахметқалиқызы Төлеуханова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Rescuing 1 sources and tagging 0 as dead.) #IABot (v2.0.8.5)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:19, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Рыспубе Ахметқалиқызы Толеуханова — 1949 жылы 25-ші қаңтарда бұрынғы Семей облысының Бақты ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ болып келеді. Білімі арнаулы орта - студияға мамандалған. 1970 жылы Қазақ Академиялық драма театрының жанындағы студияны бітіріп, Семей театрына келді. Бірінші ролі М.Сәрсекеевтің «Шығыс хиқаяларында» - Рәпіш. Рыспубе көптеген актерлардың қолынан келе бермейтін «Мыстан кемпірдің» бірнеше ролін ойнады. «Жағымсыз» образ галереясын жасады.

Кейінгі жылдары сомдаған рольдері:

  • Б. Алимжанов «Қайран кемпір, шалдар-ай» - Сәлсәбиля
  • С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Башорот
  • У. Ғаджибеков «Аршын - Малалан» - Жахан
  • Оралхан Бөкей «Өз отыңды өшірме» - Нұрке – жас кезі
  • Қ. Рахметов «Ержүрек ағайындылар» - Мыстан
  • Л. Симонова «Қасиетті сөздер» - Жезтырнақ
  • «Қаңбақ шал» ертегісінде – Мыстан

Рыспубе Толеуханова Балалар үйіне барып, жетім балаларға мерекелік шаралар ұйымдастырып жүреді. Рыспубе қара сөздерді және өлең сөзін келістіре оқиды.<ref>http://www.teatr.semstar.com/teatr-abaja-kz/toleukhanova-ryspube.html Үлгі:Webarchive</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер