Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Юрий Иванович Бекназар-Ханинга"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:18, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Театр қайраткері Юрий Иванович Бекназар-Ханинга (11 ақпан 1949 жыл, Өскемен – 19 қаңтар 2025 жыл, Астана) — кеңестік және қазақстандық театр актёрі, театр режиссёрі, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998) және Құрмет орденінің иегері (2001).
Өмірбаяны
Юрий Иванович Ханинга-Бекназар 1949 жылғы 11 ақпанда, Өскемен қаласында дүниеге келген.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ұлты — эвенк.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref><ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>
1967 жылдан бастап Өскемен қаласында балалар спорт мектебінде жаттықтырушы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1971 жылы Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін «орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігімен бітірді.
1973 жылдан Қазақстан театрларында (А.П. Чехов атындағы Павлодар драма театры, Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан драма театры, Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры, А.Н.Островский атындағы Орал орыс драма театры, М.Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театры, М.О.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры) актері, режиссер, бас режиссер, көркемдік жетекші қызметтерін атқарды. 1982 жылы Б.В.Щукин атындағы театр училищесінің режиссура факультетін (халық әртісі профессор А.М. Поламишевтің курсы) бітірген.
2000 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университетінде актёрлік шеберлік, 2004 жылдан бастап драма театры режиссурасынан сабақ береді, профессор. Оның тікелей басшылығымен және қатысуымен актерлік өнер менен режиссура кафедрасы (кейіннен — кино, ТВ және театр кафедрасы) құрылды.
Отбасы
Әйелі — Ләйла Ақназарқызы Бекназар-Ханинга (1960 жылы туған) кино және театр актрисасы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Жұптың үш баласы бар.
Шығармашылығы
В.Войновичтің «Иван Чонкин» қойылымы Қазақстан Республикасында 1990 жылдың үздік қойылымы деп танылды (Орал қаласы).
- Ең маңызды қойылымдары: А.Камью «Калигула» (Павлодар), «Ромео мен Джульетта» (Алматы), «Гамлет» (Алматы), «Тартюф» (Астана), Н.В.Гоголь «Неке» (Бішкек), және т.б.;
- М.Горький атындағы орыс драма театрында келесі қойылымдарды қойды: «Мұнда бәрі өзіміз ғана» - Н.В.Гогольдің «Ревизор» пьесасы бойынша импровизация, 2002 жыл; Л.Толстой «Ағартудың жемістері», 2012 жыл және т.б..
Қойылымдары
1993 жылы Бейтаныс адаммен отбасылық портрет, М. Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры қойылымы шықты.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Театр қайраткерлері одағының сыйлығы (1988, Павлодар) — үздік режиссер үшін («Ромео мен Джульетта» қойылымы);
- Қазақстан Республикасы театр фестивалінің Абай атындағы күміс медалі (1995, Жезқазған) — «Мұз бен қызу» қойылымы үшін;
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998) — отандық театр өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін;
- Астана медалі (1998);
- Құрмет ордені (2001) — отандық театр мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001);
- Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі;
- Өнертану профессоры;
- Қырғызстанның үздік режиссері (2008);
- Театр фестивалінің бірнеше дүркін жеңімпазы;
Дереккөздер
- КСРО актерлері
- Қазақстан актерлері
- XX ғасыр актерлері
- XXI ғасыр актерлері
- КСРО театр режиссерлері
- Қазақстан театр режиссёрлері
- XXI ғасыр театр режиссерлері
- КСРО театр педагогтары
- Қазақстан театр педагогтары
- Шығыс Қазақстан университеті түлектері
- М.Щепкина атындағы театр мектебінің түлектері
- Қазақ ұлттық өнер университеті оқытушылары
- Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры тұлғалары
- М.Горький атындағы орыс драма театры тұлғалары