Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ариана Гранде"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:08, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Ариана Гранде Бутера<ref name="bio">Үлгі:Cite web</ref> (Үлгі:Lang-en; 26 маусым 1993, Бока Ратон, Флорида, АҚШ<ref name="bio" /><ref>Үлгі:Cite web</ref>) — америкалық актриса және әнші. Төрт октавалық вокалдық диапазонына, соның ішінде ысқырық регистріне ие бола отырып, ол қазіргі заманғы поп-музыканың ең көрнекті тұлғаларының бірі саналады. Rolling Stone және Billboard басылымдары Грандені музыка тарихындағы ең ұлы әртістердің қатарына қосады, ал Time журналы оны 2016 және 2019 жылдары әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізіміне енгізді.
Мазмұны
Өмірбаяны
Ариана Гранде Бока Ратон (Флорида) қаласында, Джоан Гранде мен Эдвард Бутер отбасында туған. Ариананың әрі актер, әрі продюсер Фрэнки Гранде деген үлкен ағасы бар. Ариана вокалды Эрик Ветродан үйренген. Бала кезінде Ариана балаларға арналған «Little Palm Theatre» театрында өнер көрсетіп жүрді. 2008 жылда Ариана Бродвейде Мюзикл «13»те Шарлоттаның рөлін ойнады. Кейін бірнеше жылдан кейін ол «Fort Lauderdale» балалар театрында ойнады; сол жерде Ариана Ұлттық жастар театрлық ассоцияцияның премиясын алды. Мюзиклге қатысқаннан Гранде мектепке баруды қойды. Ол мектеп құралдарын алып, жеке мұғаліммен оқыды. Ариана Десмонд Чайлдпен жазылған «Cuba Libre» мюзиклінде Мириам рөлін ойнады. Жыл сайын «Broadway in South Africa» мүшесі болғандықтан, Ариана Гранде Оңтүстік Африканың балаларына ән мен биді үйретті.
2010 жылда «Виктория-жеңуші» сериалында ол Кэт Валентайн рөлін ойнады. Осы рөл үшін Ариана өз шашын қызылға бояды . 2009 мен 2010 жылда Гранде Нью Йоркта орналасқан Birdland клубында Миранда Сингспен бірге ән айтып жүрді.
2011 жылда Гранде «Unfriend You» синглға арналған Грейсон Ченс клипінде болды. 2013 жылы ол Кэт Валентайн рөлін қайтадан ойнады, бірақ содан соң ол «Сэм және Кэт» сериалында басты рөлді ойнады. Осы сериал «АйКарли» мен «Виктория - жеңуші» сериалдардың жалғасы деп табылды.
Дискографиясы
Студиялық альбомдары
| Атауы | Шыққан мерзімі | US Billboard 200 |
|---|---|---|
| Yours Truly | 3 қыркүйек 2013 | 1 |
| My Everything | 22 тамыз 2014 | 1 |
| Dangerous Woman | 20 мамыр 2016 | 2 |
| Sweetener | 17 тамыз 2018 | 1 |
| Thank U, Next | 8 ақпан 2019 | 1 |
| Positions | 2020 | |
| Eternal Sunshine | 2024 |
Рождестволық мини-альбомдары
| Атауы | Шыққан мерзімі | US Billboard 200 |
|---|---|---|
| Christmas Kisses (EP) | 17 желтоқсан 2013 | — |
| Christmas & Chill (EP) | 18 желтоқсан 2015 | 34 |