Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Зэйн Малик"
ш |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:07, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Музыкант Зэйн Джаваад Малик (Үлгі:Lang-en) — 1993 жылы 12 қаңтарда Брэдфорд қаласында дүниеге келді. Ол дүниежүзіне танымал «One Direction» атты ағылшын-ирландық топтың бұрынғы мүшесі.
Мазмұны
Отбасы
Зэйн ағылшын-пәкістан отбасында дүниеге келген. Ол - мұсылман, жартылай пәкістандық, жартылай ағылшын. Әкесі пәкістандық Ясер Малик, анасы ағылшын Триша Малик. Оның 3 қарындасы бар: Дония (21 жас), Валия (15 жас) және Сафаа (12 жас).
Мектеп жылдары және өнер жолының басы
Зэйн өз оқуын "Lower Fields" мектебінде бастады, сосын "Tong" мектебіне көшті. Өз оқуын мемлекеттік жалпыға білім беру мектебінде аяқтады. Оны араласқан қаны үшін алдыңғы екі мектепке қабылдаған жоқ. Мемлекеттік жалпыға білім беру мектебіне түскенде, Зейн сұхбатта, ол өзінің бет-әлпеті мен ата-тегін мақтан тұтқанын айтты. "The X-Factor" бағдарламасына барудың алдында оның атасы қайтыс болды. Зэйннің денесінде Вальтер атасының аты араб тілінде жазылған. "The X-Factor" бағдарламасының басында, Малик «Мен тәжірибе іздегенмін» деп айтқан. Әлемге әйгілі Ашер, Бруно Марс, Майкл Джексон сияқты әртістерден үлгі алған. Бағдарламада Марио атты американдық әншінің «Let Me Love You» әнін орындады. Зэйн темекіге құнықты, бірақ өзіне сенімді болып, шылым шегуді тастайын деді. Бірақ бірнеше рет қолынан келмеді.
Фильмографиясы
| Фильмның атауы | Шынайы атауы | Жылы | Рөлі |
|---|---|---|---|
| One Direction: Бұл біз | This Is Us | 2013 | өзін сомдайды |
| Big Time Tour (ТВ) | Big Time Tour | 2012 | өзін сомдайды |
| MSN Exclusives | MSN Exclusives | 2012 | өзін сомдайды |
| Алан Карр: Мылжың | Alan Carr: Chatty Man | 2009 | өзін сомдайды |
| iCarly | iCarly | 2012 | өзін сомдайды |
| X-фактор | The X Factor | 2004-2012 | өзін сомдайды |
Жеке өмірі
2012 жылдан бастап, "Little mix" тобының мүшесі Перри Эдвардспен кездесе бастады. 2013 жылы Зэйн мен Перри некелесуге шешім қабылдады, алайда 2015 жылдың тамыз айында жұп айырылысты. 2015 жылдың 25 наурызында, «One Direction» тобынан шықты. 2015-2021 жылдар аралығында Джиджи Хадидпен жұп болды және 2020 жылы олардың Хай Хадид Малик (Khai Hadid Malik) есімді қызы дүниеге келді.