Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Берік Есенұлы Әбдірахманов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Мансабы)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:06, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Боксшы

Үлгі:Медальдар

Берік Есенұлы Әбдірахманов (20 маусым 1986 жылы, Ақтау) — қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. 2013 жылғы Азия чемпионы. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиаданың қатысушысы.

Мансабы

Ақтауда Руслан Амалбековта бірге жаттығады.

APB рейтингіне сүйенсек, Қазақстанда бірінші болып 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама алғанымен<ref>Үлгі:Cite web</ref>, бірінші жекпе-жегінде америкалық Карлос Балдерастан жеңіліп қалды. Осыдан кейін ұлттық құрамадан кетуге шешім қабылдады. Бірақ 2017 жылы Қазақстан біріншілігін екінші рет жеңіп алып, ұлттық құрамаға қайта оралды.

Жетістіктері

  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері – 2010 ж.
  • Әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионы – 2010 ж.
  • Қазақстанның екі дүркін чемпионы – 2012 және 2017 ж.
  • Аммандағы (Иордания) Азия чемпионы – 2013 ж.
  • Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері – 2013 ж.
  • Галледе (Германия) өткен «Chemistry Cup» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері — 2014 ж.
  • Астана қаласында өткен «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» IV халықаралық турнирінің жеңімпазы – 2014 ж.
  • 2017 жылғы тамызда — Ахмат Қадыровты еске алуға арналған бокстан IX халықаралық турнирдің жеңімпазы (Грозный, Ресей).

Сілтеме

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер